Қазаққа қиындықта сүйеу, қуанышта көңіл қанаты болған қара домбыраның қоңыр үні – қанымызда, бебеулеген сарыны – санамызда сақталған. Сондықтан, шанағынан шамырқанған күй төгілсе, елең етпейтініміз жоқ.

Домбыра – жер бетінде кеңінен тараған шертпелі аспаптардың қатарына кіреді. 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабының күні ретіне тойланып келеді. Ұлттық домбыра күніне орай Рудный қалалық орталық кітапханада Мемлекеттік тілдегі кітапхананың ұйымдастыруымен «Күмбірлесін қазақтың домбырасы» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді.
Бұл – елімі үшін ерекше мейрам. Оны ел болып атап өту арқылы халқымыздың рухын көтеріп, танымын арттырамыз. Сондай-ақ ұлы дала дәстүрлерін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, төл өнеріміздің құдіретін танытамыз. Шын мәнінде, қазақтың қара домбырасы – ұлтымыздың бойтұмары. Оның үні әрқайсымыздың жүрегімізге жақын. Өйткені, қазақ пен домбыра – бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын егіз ұғым.
Кешіміздің құрметті қонақтары «Кездесу» клубының мүшелері мен тұрақты оқырмандар және Б.Майлин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов атындағы мектеп оқушыларынан құралған «Алтын домбыра» ансамблінің қатысуымен «Балбырауын», «Келіншек» күйлері орындалды. Рудный қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тілеуқабылов Жаңбыршы аға сөз алып, домбыра жайлы аңызбен бөлісіп, өлең шумақтарын оқыды. «Жадыра» халықтық-вокалдық ансамблі мен Қостанай шаһарынан келген қонақтармыз да тамылжыта ән салып, қонақтарымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кітапханашыларымыз да, өз кезегінде, өлең жолдарын мәнерлеп оқыды.
Артынша «Күмбірлесін қазақтың домбырасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, ұлттық аспаптың және Ұлттық домбыра күні тарихына байланысты викториналық сұрақтар қойылды. Мереке қатысушыларға ерекше әсер қалдырғандығын айтады. Расымен де, домбыра – бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мұра. Ұлттық руханиятымызды дәріптейтін мереке домбыраның мәртебесін биікке көтере берсін дегім келеді.
Жаңагүл УРГАНЧБАЕВА,
Мемлекеттік тілдегі
кітапхана қызметкері,
Рудный қаласы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.