Әрбір тіл, әрбір жазу ел мәдениетінің негізі болып табылады. Демек қазақ мәдениеті оның тілі мен жазуына негізделген. Басқа тілдер сияқты ол да табиғатына сай қолданылуы тиіс, сондықтан қазақ тілдің лингвистикалық құрылымын жат өзгерістерден сақтау қажет.
Гордеева Анна Гавриловнаның 1939 жылғы Туу туралы куәлігі
«Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық», – деген Ахмет Байтұрсынов. Осыған байланысты, біріншіден, мұндай лингвистикалық себеп қазіргі қазақ жазуын латын қарпіне көшіру қажеттілігіне айналды. Екіншіден, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жалпы әлемдік кеңістіктің тең құқықты мүшесі болды. Бұл Қазақстан Республикасының жалпы әлемдік саяси, мәдени, экономикалық үрдістеріне қосылуы міндеттілігін білдіреді.
Бүгінгі таңда мұндай планетарлық кеңістіктегі латын әліпбиінің үлесі өте үлкен. Сондықтан қазақ тілін латын қарпіне көшіру тілді, соның ішінде мәдениетті жаһандық үдерістерге енгізуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, қоғамдық қажеттіліктің де бары белгілі. Қазіргі жастар шет тілдерін, әсіресе ағылшын тілін жақсы біледі. Сонымен қатар қазіргі ақпараттық дәуірде, технологиялық дәуірде латын әліпбиі әлемде үстем жазу жүйесіне айналды. Дамыған 20 мемлекеттің 18-і латын әліпбиін қолданады. Ғылым мен техниканың ашылулары мен өнертабыстарының 70 пайыздан астамы осы латын әліпбиінің негізіндегі тілдерде жасалды. Латын әліпбиінің таралу кеңістігі өте кең.
«Жаңа әліпбиге көшудің басты мақсаты – қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық, стильдік жағынан бұрмаланған төлтумалығын қалпына келтіру. Тәуелсіздік алған әрбір халық өзінің мәдени болмысын қалыптастыруға күш салады», – деп Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тіл саясаты комитетінің төрағасы Ә.К. Қабаев өз сұхбатында атқан болатын.
Гордеева Анна Гавриловна мен мақала авторы Женискуль Божекенова
Еуропадан, Ресейден Қазақстанға келген саяхатшылар мен ғалымдар түркі тілдерінің ішінде қазақ тілі өте бай тіл екендігі туралы жақсы пікірлер қалдырған. Мұндай тілдің төл табиғатын қалпына келтіру үшін үлкен реформа керек. Қазақ тілін реформалаудың бұл мәселесі әліпбиді ауыстырудан басталады. Ал бұл жерде қазақ тілінің табиғи болмысын қалпына келтіріп, оның бай мүмкіндіктері ашылады, ұлттық терминологиялық қор қалыптасады деп түсіну керек. Яғни, тіл арқылы ұлттық болмыс пен төл мәдениет қалыптасады.
Елбасымыз өз Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», – деп атап айтқан болатын. Өткен ғасырдың 1929-1940 жылдары еліміз латын жазуын тарих сахнасында жаңғыртты. Cол уақыттың дереккөзі ретінде Қостанай ауданының тумасы 1939 жылы дүниеге келген Гордеева Анна Гавриловнаның Туу туралы куәлігін ұсынып отырмын (суретте).
Жеңіскүл БОЖЕКЕНОВА,
№28 мектеп-гимназияның
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.