Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялағны белгілі. Аталмыш игі шара С.Мәуленов атындағы гимназиясының оқушыларының арасында да жалғасын тапты.

Еліміздегі пандемия жағдайына байланысты бірінші тоқсанды қашықтан тәмәмдаған белсенді оқушылар игі іске өз еріктерімен ат салысты. Атына заты сай «Мейірімді жүрек» атты еріктілер тобымен бірге «Қазақстан балалары – күзгі интерактив» күзгі демалысы ұйымдастырылып, қайырымдылық шаралар жоспарланды. Мақсаты – қоғамдағы адами құндылықтарды дәріптей отырып, адамдарға жан жылуын сыйлау. «Жас келсе, іске» демекші, оқушылар жұдырықтай жұмылып, жеті қайырымдылық іс жасап, қысқа мерзім ішінде мұқтаж жандарға, табиғатқа мейірім шапағатын төкті.
Тарқатып айтсам, «Мейірімді жүрек» аясында құстарға арнап ұя жасаса, «Жақыныңа жанашыр бол» шеңберінде медициналық маска таратып, адамдардың денсаулығын сақтауға үлестерін қосты. Саламатты өмір салтын насихаттау аясында «Темекені таста» атты ұранмен кәмпит таратса, «Көмек қолын созыңыз» атты игі істе жақындарына жылулық сыйлады. Ал «Мейрімділік ағыны» шеңберінде «Қарттарым – қазынам» деген даналық сөзді тағы бір жаңғыртты. «Табиғатты аялайық» аясында қоқыс жинауға ат салысса, «Ағашты сақтаңыз» деген ұранды ұстанып, ағаштарға су құйды.
Халық арасында «Тәрбие – талбесіктен» деген сөз бекер айтылмаса керек-ті. Сол сияқты сөзден іске көшіп, қоғамдағы мәселені жүректерімен сезініп, балалардың табиғатқа жанашырлық жасағаны өте құптарлық іс. Олар бастаған ісін тоқтатқысы келмей, жалғастыра беруді ұйғарып, бойтұмардай ой түйгені сөзсіз. Осындай тәрбиелік мәні зор іске оқушыларды баули берейік.
Абылай АХМЕТЖАН,
С.Мәуленов атындағы
гимназияның аға тәлімгері,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.