Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Тоғыз айға – тоғыз іс-шара» жобасы қолға алынып, «Менің сүйікті кітабым – Абай шығармалары» атты республикалық челлендж ұйымдастырылды.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Орталық Азия университетінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы тарапынан жүзеге асырылды. Оған еліміздің әр өңірінен білім алушылар қатысты. «Менің сүйікті кітабым – Абай шығармалары» республикалық челленджі ақынның шығармаларын насихаттауға, дәуірінде айтып кеткен аталы сөздерінің әлі күнге дейін өмірімізге қажеттілігін ұғындыруға, оның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген шығармалары арқылы рухани азық, адамдық сипатта бой түзеуге және де білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталған. Челлендж, сондай-ақ, оқу сауаттылығын арттырып, жастардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді.
Барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта білім алушылар өздері таңдаған шығармадан үзінді оқып, басқа қатысушылармен ой бөлісті. «Менің сүйікті кітабым – Абай шығармалары» тақырыбына сай көрме ұйымдастырылды. Қостанай облысының атынан Арқалық қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы мектеп-гимназияның 10 «Б» сынып оқушысы Нұрсая Нұржанова Абайдың «Масғұт» поэмасынан үзіндіні жоғары деңгейде оқыды. Нұрсая челленджді Қарағанды облысынан қабылдап алып, өз кезегінде оны әрі қарай Қызылорда облысына жолдады.
Осы челлендж аясында жастар Абай Құнанбайұлының шығармаларын сүйіп оқып, олардың терең мазмұны мен ұлттың рухани құндылықтарына қосқан үлесін түсінуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, әрбір қатысушы Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқу арқылы ақынның философиялық, моральдық көзқарастарын өз бойына сіңіре отырып, әлеуметтік-мәдени қатынастардағы орны мен рөлін тереңірек сезіне білді. Жалпы, «Менің сүйікті кітабым – Абай шығармалары» республикалық челленджі қазақ әдебиеті мен мәдениетінің жаңғыруына, Абай мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруға зор үлес қосып отыр. Бұл жобаның жастарға берер тәрбиелік мәні айрықша, себебі ол өз мәдениетін, ұлтын, ақынның шығармаларын құрметтеуге, сонымен қатар еліміздің болашағына жол ашатын азаматтар тәрбиелеуге бағытталған.
Назерке ЗАБИХОЛЛА,
А.Құнанбаев атындағы
мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі, жас маман,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.