Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығының ұйымдастыруымен «Көшбасшы аумағы» атты облыстық слёт өтті. Іс-шараға облыстың 16 өңірінен 66 білім алушы – мектеп парламенттерінің, балалар ұйымдарының көшбасшылары және өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары қатысты.
Слёт аясында «Мектеп – балалар көзімен» атты әлеуметтік жобалар байқауы ұйымдастырылды. Әділ қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздардан бөлек бірқатар қатысушы командалар арнайы номинациялармен марапатталды. «Үздік көгалдандырылған аумақ» – Қостанай ауданы №1 Заречный жалпы білім беретін мектебі (педагог Балауса Байқасынова); «Жайлы білім беру ортасы» – Ұзынкөл ауданы Арзамас жалпы білім беретін мектебі (педагог Анна Горбулина); «Дизайнға шығармашылық көзқарас» – Меңдіқара ауданы Жангелдин жалпы білім беретін мектебі (педагог Аягоз Серикбаева); «Әлеуметтік белсенділік» – Амангелді ауданы А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі (педагог Қуандық Шонгалов); «Болашақ мектебі» – Бейімбет Майлин ауданы Б.Майлин атындағы жалпы білім беретін мектебі (педагог Балзина Атимтаева).

Қостанай ауданының №1 Заречный ЖББМ командасы

Қатысушылар мектептерін қалай елестететінін макет арқылы көрсетті
Ал байқаудың бас жүлдесі – «Комфорт+мектебі» жобасымен Қарабалық ауданы Тоғызақ жалпы білім беретін мектебіне (педагог Наталья Волошенко) бұйырды. Жеңімпаз команда Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы дипломымен және жобаны жүзеге асыру үшін 3 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықпен марапатталды. Жетекшінің айтуынша, жобаның басты ерекшелігі – оның оқушылардың шынайы қажеттіліктеріне бағытталуы. Жоба авторлары – Тоғызақ мектебінің 7-сынып оқушысы Светлана Звонарева мен 11-сынып оқушысы Максим Шайхуллин.

Әлеуметтік жоба байқауының жеңімпаздары – Тоғызақ ЖББМ
– Жобаны бастамас бұрын оқушылар арасында сауалнама жүргіздік. Нәтижесінде баскетбол алаңы, метеостанция және коворкинг аймағы ең қажетті нысандар ретінде таңдалды. Біз осы идеяларға сүйене отырып жобамызды құрдық. Өзім кішкентайымнан баскетболға қызығамын, мектеп өміріне белсенді араласамын және болашақта педагог болғым келеді. Сондықтан бұл жобаның мен үшін маңызы зор болды. Сонымен қоса Максим екеуміз де мектеп парламентінің белсенді мүшелеріміз, – деп атап өтті Светлана.
Максимнің айтуынша, жоба бірнеше маңызды мәселені шешуге бағытталған. Соның бірі – мектептің фойесін коворкинг аймағы ретінде қайта жабдықтау. Яғни, ол демалыс пен күтуге арналған жайлы кеңістікке айналмақ. Бұл Тоғызақ мектебіне шалғай ауылдардан автобуспен қатынап оқитын оқушылар үшін тиімді шешім. Себебі, олар мектепке ерте келіп, кеш қайтады, кейде екі-үш сабақ бойы автобусты күтуге мәжбүр болады. Жоба сәтті жүзеге асса, балалар бос уақытын тиімді әрі жайлы өткізетін мүмкіндікке ие болады. Ал жастардың осы ойға алған бастамасын жүзеге асыру үшін жетекшілері мен мектеп ұжымы бар күшін салуға дайын. Балалар армандаған мектеп бейнесі енді жоба ретінде ғана емес, нақты іске асуға жақын тұр.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.