Оқушылар өрт сөндірушілерде қонақта

Выпуск - №25-26(573-574)   :   07.08.2023
778

Қостанай қаласының №2 мектеп-лицейінің мектеп жанындағы лагерінің балалары үшін №5 өрт сөндіру бөлімінің орналасқан жеріне қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия өрт сөндіру көліктері тұрған көлікжайға барудан басталды.

Тәжірибелі өрт сөндірушілер экскурсанттарға өрт сөндірушінің жауынгерлік костюмі неден тұратынын көрсетті. Бұл балалардың өрт сөндірушілерді жоғары температурадан қорғайтын жылу шағылыстыратын костюмін алғаш рет көруі. Оқушылар түтінді бөлмеде жұмыс істеу үшін өрт сөндірушілер тыныс алу аппараттарын қолданатынын білді. Артынша кішкентай қонақтар өрт сөндіру техникасын қарап, зерттеп, әрбір құралдың мақсаты туралы сұрап, білді. Кейін оларға өрт сөндіру көлігінің ішінде отырып, өзін қауіпке қарай асығып бара жатқан батырлар сияқты сезінуге рұқсат етілді.

Сонымен қатар экскурсия барысында балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша танымдық сабақ өткізілді. Осылайша өрт сөндірушілердің жұмысымен танысу қызықты ғана емес, пайдалы да болды. Экскурсия қарауыл үй-жайларын, кезекші-диспетчерлік қызметті және демалуға арналған үй-жайларды көрсетумен аяқталды. Балалар, өз кезегінде, өрт сөндірушілерге қызықты экскурсия үшін алғыстарын айтып, бұл күні көргендерінің бәрінен жағымды әсер алғандарын жеткізді.


Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.