Жуырда М.Қозыбаев атындағы №23 орта мектепте ZOOM платформасы арқылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында латын графикасына негізделген әліпби төңірегінде қалалық дөңгелек үстел өтті.

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қолға алу қажеттігін атап өтті. Бүгінде бұл бағытта ауыз толтырып айтарлықтай бірталай жұмыстар жасалуда.
Қазақ тілін латын графикасына көшіру мәселесін талқылауды көздеп, тіл мамандарының басын қосқан шараның мақсаты – латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін елжанды ұрпақ тәрбиелеу. Айналамызда қабілет-қарымын көрсете алатын және еліне пайдасын тигізуге ұмтылатын жандар аз емес. Тек оларға дұрыс бағыт көрсетер жол нұсқаушы болса ләзім.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері латын әліпбиін енгізу туралы пікірлерін ортаға салып, әріптестерімен ой бөлісті. Латын әліпбиін қолдану – озық техника мен компьютер тілін меңгеруге жол ашады дегеннен бөлек, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтеді, шетелде жүрген қандастарымыздың осы жазу арқылы қазақ жеріндегі барлық жаңалықтан хабардар қылады деген әңгімелер де айтылып жүр. Мүмкін бұл бастама шынымен, еліміздің әлемнің дамыған 30 елі қатарына енуі жолына ашылар есік болар деп ойлаймыз.
Осынау мақсатқа қол жеткізіп, соның жемісін көру үшін қаймақ бетінде жүрген білікті тіл мамандары мен оқытушы-профессорлар қауымы аянбай тер төгуі керек. Дөңгелек үстел шарасынан осындай ой түйдік. Ал ғалымдардың еңбегін бағалап, ел болашағы үшін қабылданғалы отырған маңызды шешімге қолдау көрсету, жақсыны үйренбекке ұмтылу – жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті болмақ.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, барлығымыз бірлесе жұмыс істесек қана латын қарпіне көшу іске асады. Әріптестерім латын қарпіне көшу туралы ой-пікірін ортаға салып, бөлісті. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегендей, барлығымыз біріксек жұмысымыз да алға басары айдан анық. Латын қарпіне байланысты дөңгелек үстел қатысушылардың белсенділігін арттырып, латын әліпбиін тиімді қолдануға деген қызығушылықтарын оятты. Ұстаздар қоғамда өткір қойылып отырған жалпыұлттық маңызы бар мәселе жайлы өзара пікір алмасты.
Ляззат ЕРСАРИНА,
Салтанат БЕКБАЕВА,
Зәмзәгүл УТЕНОВА,
М.Қозыбаев атындағы
№23 ОМ қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімдері,
Қостанай қаласы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!