Осыдан екі жыл бұрын «Елбасы медалі» бағдарламасы іске қосылған еді. Сол кезден бері еліміздің жастары қалауы бойынша «Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлерінің бірін таңдап, қарым-қабілеттерін жеті бағыт бойынша жетілдіріп келеді.

Спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі бағыттары бойынша әр кезеңді өткен сайын қатысушы бойындағы қарым-қабілеттерін жетілдіріп отырады. Ал жобаның финалына шыққандар алдағы жеңістерінің бастауы болатын – «Елбасы медалімен» марапатталады.
Былтыр желтоқсан айында республика бойынша «Елбасы медалінің» иегері болатын 2259 қатысушы бекітілді, оның ішінде 3-еуі алтын медальге, 40-ы күміс медальге, ал 2216-сы қола медальге ие болмақ. Сол қола медаль иегерлері біздің №15 мектеп оқушыларының арасында да бар. Жақында «Елбасы медалі» бағдарламасына «Қола» деңгейінде қатысқан біздің 11-сыныптың 5 оқушысы мен 9-сыныптан қатысқан мен де көптен күткен марапатымызды алып қайттық.
Медальді алу жолында бас кезінде қиналғаным рас, артынша берілетін тапсырмалардың ауқымына, жұмыс жоспарына етім үйреніп кетті. Әр қадамымды жоспарлап, аңдап басып, қателіктер жібермеуге тырысып бақтым. Нәтижесінде аптаның әр күнін пайдамен өткізіп жүргенімді байқадым. Әр бағытта жан-жақты ізденіп, пайдалы дүниелерге қанық болдым, қызығушылықтарым да өзгерді. Мысалы, осы бағдарламаға қатысар алдында көп кітап оқымайтынмын. Өз түсінігімді айту, ойымды нақты жеткізу қиынға соғатын. Бірақ осы жобаның арқасында кітап оқуға деген қызығушылығым оянып, уакыттымды да тиімді әрі пайдалы өткізе бастадым. Жоба аясында жастармен жұмыс барысында түсіністікпен қарап, қолдау көрсеткен, ақыл-кеңестерін айтып, алға ұмтылуға шабыттандырған тәлімгерлерге де алғыс білдіргім келеді.

Жалпы бағдарламаға қатысу арқылы табиғатты сүюге, айналаңа аз да болсын көмек көрсету үшін тек шынайы ниетің болса жеткілікті екенін ұғындым. Жобаның арқасында болашақта алға қойған мақсаттарыма жету үшін жоспар қойып, оған қол жеткізу үшін жүйелілік қажет екенін түсіндім. Расымен де, кез келген іс нәтижесін берсін десек, уақытымызды жоспарлап, мақсатымызға жету жолында жүйелі түрде әрекет етіп отыру қажет. Осындай пайдасы мол бағдарламаның келешек және қазіргі жастардың болашағына тигізер әсері зор деп есептеймін.
Дильназ МУЖИКПАЕВА,
№15 ЖББМ
9-сынып оқушысы,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.