Республикалық сайыс: Жамбыл Мәуленнің жетістігі

Выпуск - №12(660)   :   28.03.2025
683

1

Білім – адамның болашағына жол ашатын маңызды құралдардың бірі. Оқушылар өз білімін тек мектеп қабырғасында ғана емес, түрлі сайыстар мен жарыстарда да сынай алады. Сондай сайыстардың бірінде Жамбыл Мәулен өз білімін дәлелдеді.

Ол – Д.М. Карбышев атындағы №14 жалпы білім беретін мектептің 11 «Ә» сынып оқушысы. Жақында Алматы қаласында өткен республикалық интеллектуалдық ойынға қатысып, білімін сынға салды. Жамбыл Мәулен сайыстың алғашқы кезеңінен, яғни қалалық іріктеуден сүрінбей өтті. Қатысушылар биология, география және басқа да пәндер бойынша сұрақтарға жауап берді. Бұл кезеңде Мәулен сияқты дарынды оқушылар жиналғанымен, ол ерекше алғырлығымен көзге түсті. Қалалық кезеңді сәтті аяқтап, облыстық кезеңге жолдама алды. Бұл кезеңде қатысушылар қарапайым тест сұрақтарына жауап берді. Нәтижесінде Жамбыл Мәулен жүлделі 2-орынға ие болып, республикалық кезеңге өтті.
Республикалық кезең Алматы қаласында «Хабар» телеарнасының ұйымдастыруымен өтті. Зияткерлік ойын төрт кезеңнен тұрды. Ойынның тақырыбы – «XXI ғасырдың көшбасшылары». Бірінші кезеңде 30 сұрақ қойылды. Кез келген қатысушы жауап бере алатын, бірақ жауабы қате болған жағдайда, басқа оқушы жауап беру мүмкіндігін алады. Екінші кезеңде қатысушылар өз қалауынша 30 сұрақтың ішінен 5 сұраққа жауап берді. Үшінші кезеңде 1 минут ішінде 15 сұраққа жауап беру қажет болды. Төртінші кезеңде екі тапсырма берілді: бірінші тапсырмада көрсетілген суреттердің атауын табу керек болса, екінші тапсырмада сол суреттер арқылы мақал-мәтелдерді анықтау қажет еді.
Барлық кезеңнен өткен соң Жамбыл Мәулен 10 балл жинады. Бұл сайысқа Қазақстанның әр өңірінен келген 6 оқушы қатысты. Жамбыл Мәулен жарысқа қатысып, арнайы сертификатқа ие болды. Бұл сертификат оған жоғары оқу орнына түсу кезінде септігін тигізеді. Мәулен сайыста білімін сынап қана қоймай, қызықты әрі толқынысты сәттерді бастан кешірді. Мұндай зияткерлік ойындар оқушылардың білімін шыңдап, олардың болашағына да үлкен тірек болады.

Сара АЙМУРАТОВА,
Д.М. Карбышев атындағы
№14 жалпы білім беретін
мектептің жас тілшісі,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.