Осындай тақырыпта «Западный» кітапхана-филиалында №17 орта мектебінің 7 «Ә» оқушыларымен сазгер-композитор, әнші, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қалибек Деріпсалдиннің 70 жылдығына орай ақпараттық-музыкалық сағат өтті.
.jpg)
Кітапханашы балаларды әншінің өмірбаянымен және келешегіміз – жастар үшін тәрбиелік мәні зор шығармашылығын слайд арқылы таныстырды. Одан қалды «Дәмдес болайық» бағдарламасынан және Астана қаласында өткен ән кештерінен, жерлес композитордың шығармашылығынан үзінді көрсетілді. Мәдени мұраны насихаттау, отаншылдық сезімді, белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеудегі еңбегі өтеусіз қоғамдық қызмет атқарған, бүгінгі күні ағамыздың 150-ден аса әні, 4-5 күйі өмірге келген.
Сазды сағатта барша қазақтың жүрегінен орын алған Серікбай Оспанов ағамыздың сөзіне жазылған Қалибек Деріпсалдиннің «Айлы түнде» әні тыңдалды. Ақпараттық-сазды сағат барысында 7«Ә» сынып оқушысы Нұрдаулет Махмутов «Кербез сұлу» күйін тарту етті. Іс-шара соңында «Тобыл-Торғай әуендері» атты тақырыптық сөреге шолу жасалып, оқушылар Қ.Деріпсалдиннің «Айлы түнде», «Тобыл-Торғай әуендері», О.Жақсановтың «Қазақтың өнер жұлдыздары» атты жинағымен және «Қостанай таңы», «Біздің Қостанай» газет беттерінде жарияланған мақалаларымен жақынырақ танысты.
Шолпан АБИЛЬТАЕВА,
«Западный» кітапхана-
филиалының қызметкері,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.