Шығармалар байқауы өтті

Выпуск - №36(432)   :   11.09.2020
540

Рудный қаласындағы №18 орта мектепте қыркүйектің 5-і күні атап өтілетін Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай 1-5 қыркүйек аралығында жоғарыдағыдай тақырыпта мектепішілік шығармалар байқауы ұйымдастырылды.

Тілдің көкжиегін кеңейтуге, тілді дәріптеуге арналған қашықтық форматта өткен тағылымы мол шараға орта буын сыныбының оқушылары қатысты. Шара тіл көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой-өрісін дамытуды мақсат етті. Сондай-ақ тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отырып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды көздеді.

«Елу жылда ел жаңа» демекші, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері мемлекеттік тіл мәртебесі жыл өткен сайын артып келеді. Мектебімізде қашықтан ұйымдастырылған шығарма сайысы да соның бір дәлелі іспеттес. Қуана атап өтетін жайт – байқауға орта буын оқушылары белсене ат салысып, тіл мәртебесі жайлы қалам тербеді. Шығарма жазу барысында тіл байлықтарын, сөздерді орнымен әрі мазмұнды түрде қолдана білу шеберліктерін көрсете білді.

«Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда» демекші, сайыс нәтижесінде 5-сынып оқушылары Жанет Ерполатаева бірінші орынды иеленсе, сол сияқты Алихан Райымбеков пен Альбина Бақтияр сынды оқушылар да жоғары деңгейден көріне білді. Иә, «Тіл – адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның қор болғаны» демекші, тіл – тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағына айналса деймін.

Ермек САДВАКАСОВА,
№18 ОМ қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.