«Западный» кітапхана-филиалында ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің студенттермен «Қажетсіз соғыстың қасіреті» атты тарих сағаты өткізілді. Кітапханашы қатысушыларға Ауған соғысының тарихы туралы толық мәлімет берді.
Іс-шара барысында Ауған соғысы туралы «Қара майор» бейнеролигі көрсетілді. Студенттер тақырып бойынша блиц-сұрақтарға жауап берді. Отан туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер оқылды. Артынша «Ауғанстанның отты жалыны» атты тақырыптық сөреге шолу жасалды. Студенттер еліне, халқына қызмет еткен батыр ардагерлеріміз туралы өз ойларымен бөлісті.
Шолпан АБИЛЬТАЕВА,
«Западный» кітапхана-
филиалының қызметкері,
Қостанай қаласы