Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің тіл шеберлері-2021» атты қалалық байқау өтті.

Байқауға қатысуға 6 үміткер ниет білдірді. Іс-шара үш тілді жетік меңгерген дарынды жастарды қолдап, қазақстандық патриотизмді нығайту, тіл мәдениетін тәрбиелеу, басқа халықтардың тілдері мен мәдениетіне деген құрметін қалыптастыру мақсатын көздеді. Қатысушылардың басым бөлігі жалпы білім беру мекемелерінің ұстаздары. Атап айтар болсақ, №1 жалпы білім беретін мектептің, №5 гимназияның, Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның, №9 бастауыш мектептің және Рудный құрылыс және көлік колледжінің, KADeducation білім беру орталығының мұғалімдері.
Сайыстың алғашқы кезеніңде қатысушылар қазақ тілін жетік меңгергенін көрсету үшін эссе жазды. Екінші «Ілеспе аударма» кезеңінде қатысушылар қазақ тілінде берілген мәтіндерді оқып, оларға орыс тілінде ілеспе аударма жасады. Ал келесі «Суретті сипаттау» кезеңінде олар экранда бейнеленген сурет тақырыбының мазмұнын ағылшын тілінде ашып берді.
Байқау қорытындысы бойынша Рудный құрылыс және көлік колледжінің ағылшын тілі мұғалімі Балжан Асановаға, Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гузаль Бекмырзаеваға, №9 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі Айнұр Мухамеджановаға Алғыс хаттар табысталды. Ал жоғарыда аталған кезеңдерден сүрінбей, әділ қазылардың көзіне түсіп, бәйгеде оза шауып, 1-орынға №1 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлдана Бухарбаева ие болды.
Екінші орынға №5 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тұрар Қайырбек жайғасса, жүлделі 3-орынды KADeducation білім беру орталығының ағылшын және француз тілдерінің мұғалімі Малика Нурханова иеленді. Енді байқаудың жеңімпазы үстіміздегі жылдың қырқүйек айында болатын облыстық байқауда Рудный қаласының абыройын қорғамақ. Алдағы сайыста Гүлдана Жүсіпбекқызына сәттілік тілейміз.
Айнұр НУРГАЗИНА,
Рудный қалалық тілдерді оқыту
орталығының әдіскері
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.