Осындай тақырыпта «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Қостанай облысы бойынша филиалы мамандарымен бірлесіп республикалық іс-шара өткізді.

Халқымыздың сан ғасырлар бойғы күресіп, армандап жеткен тәуелсіздігіміз оңай келмегенін білеміз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тарихи маңызды әрі күрделі оқиғаларға толы болды. Тарихқа үңіліп қарасақ, қазақ халқы небір ауыр күндерді бастан өткізіп, тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемен ел атанды. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Жер бетінде қанша халық болса – сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы да жетті.
Осы тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға Google meet платформасы арқылы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі мен Солтүстік Қазақстан әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі басқармасының Тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары, оқытушылары мен әдіскерлері қонақ ретінде қатысты. Іс-шара барысында мамандар тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіздік жариялап, еске алды. Ұлық мерекеміздің аясында тәуелсіздік жолында еліміздің жүріп өткен қадамдарына шолу жасау мақсатында бейнеролик көрсетілді.
Аталмыш іс-шара аясында қатысушылар арасында сайыс ұйымдастырылды. Сайысымыз 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең: топқа бөлу және таныстыру. Ортаға жасыл және ақ түсті асықтар салынған дорба әкелінді. Әр қатысушы таңдап алған асықтарына байланысты екі топқа бөлініп, тез арада топқа ат қойылып, ұрандарын айтып, топтар өздерін таныстырды. Екінші кезең: сиқырлы ұяшықтар жасырылған «Кім жылдам?» ойыны. Ұяшықтардағы сұрақтар төрт тақырыпты қамтыды: «Мемлекеттік рәміздер», «Туған елді сүйемін», «Салт дәстүр», «Жылдар». Үшінші кезең «Kahoot» қосымшасы арқылы викториналық сұрақтарға жауап беруге негізделді. Бұл ойында сұрақтармен қатар жауап 4 нұсқада беріліп отырды.
Сайыстағы әр кезең өте танымды, қызықты әрі тартымды өтті. Әр кезеңді қорытындылай отырып, жарыс басында сайланған әділ қазылар алқасы шешімдерін шығарып, қатысушыларға сертификат табыс етті. Іс-шара соңында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Рысқұлқызы мен Солтүстік Қазақстан әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі басқармасының орынбасары Орал Сәбитұлы сөз алды. Өз ойларын ортаға салып, алғыс айта отырып, болашақта осындай іс-шараларды басқа да өңір әріптестерімен ұйымдастыру, тығыз байланыста жұмыс істеуге ұйытқы болатындарын атап өтті. Болашағымыз нұрлы, еңсеміз биік, рухтық сезіміміз асқақтай берсін деген тілекпен аталмыш іс-шарамыз «Атамекен» патриоттық әнін шырқаумен аяқталды.
Сайран НҰРЖАНОВА,
«Тілдарын» облыстық
тілдерді оқыту орталығының
оқытушысы,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.