Тәуелсіздіктің тірегі

Выпуск - №34(631)   :   30.08.2024
466

3-3

Жыл сайын тамыз айының 28-інде атап өтілетін Конституция күніне орай, қаламыздағы «Станционный» кітапхана-филиалында «Конституция – еліміздің басты Заңы» атты диалог-көрме ұйымдастырылды.

Көрме-диалогтың тұсаукесері барысында кітапханашы жиналған балаларға Конституцияның құрылу тарихы туралы баяндап, оның құрылымымен таныстырып өтті. Балалар іс-шара аясында ұйымдастырылған «Менің Отаным – Қазақстан» викторинасына, «Өз құқықтарыңызды білесіз бе?» ойынына белсенділікпен қатысты. Еліміздің Ата Заңы – Конституциямызда көрсетілген Қазақстан Республикасының әр азаматының құқықтары мен міндеттерін айтты. Тағылымды жиын соңында қатысушылар көрме материалдарымен танысып шықты.

Кульжамал РЫСМАГАМБЕТОВА,
«Станционный» кітапхана-филиалының кітапханашысы,
Қостанай қаласы

Реклама