Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Темір тұлпар тақымдаған

Выпуск - №16(564)   :   28.04.2023
765

Қостанай өңірі мен еліміздің дамуына ерен еңбегімен үлес қосқан Кәмшат Дөненбаеваның 80 жылдық мерейтойына орай «Дорожный» кітапхана-филиалында №18 мектеп-гимназия оқушыларының қатысуымен «Атақ пен даңқ еңбекпен келеді» атты іс-шара өткізілді.

Ақ бидайдан алтын тау тұрғызған халқымыздың қайраткер қызы, даңқты механизатор Кәмшат Байғазықызы өмірінің 35 жылын егіс алқабында өткізді. Қазақтың қарапайым қызы адал еңбегінің арқасында ең биік белеске, шыңға көтерілді. Өйткені, ол өз бақытын сол ұлы даладан, диқандар ортасынан тапты. Адал еңбек оны абыройға бөледі, есімі жер жаһанға танылды. Сондықтан да «Дүниенің бар кілті – еңбекте» деген ұлағатты сөзбен келіспеске болмайды.

Кітапхана қабырғасында өткен шара барысында Кәмшат Дөненбаеваның өмірбаяны, жүріп өткен еңбек жолы жайлы айтылып, оның халық шаруашылығына қосқан үлесі мен жетістіктері, марапаттары тізбектелді. Фариза Оңғарысынованың поэмасы оқылды. Өз замандастарының естелік әңгімелері мен хаттары, жеке мұрағатынан алынған отбасылық, қызметтік естелік суреттері, 70-80 жылдардағы газет бетінде жарияланған мұрағаттық естелік материалдары көрсетіліп, 1975 жылы арнайы түсірілген «Камшат» атты деректі фильмді тамашалаған оқушылар қазақтың батыл да батыр, тұңғыш әйел механизатордың елге қосқан үлесі, жеке адамгершілік қасиеттері мен туған өлкеге деген махаббаты мен еңбектегі жетістіктерін танып-білді.

Бар ғұмыры еңбекті сүюден, елге, туған жерге деген асқақ сезімнен тұрды. Көктем келгенде қырға шыққысы келетін, қыр қызғалдағын, қара топырақты, желпіп өтер самал желді сағынатын Кәмшат Байғазықызы бүгінде мәңгілік мекеніне аттанғанмен, әрдайым біздің жадымызда. Еңбекқорлық қасиет Кәмшат апаны даңққа бөледі. Ол – қарапайым еңбек адамынан «Қазақтың Кәмшаты» дәрежесіне көтеріліп, Қостанайдың ақ бидайынан алтын тау тұрғызған, атақ пен даңққа бөленген адам.


Айнұр СЕЙДАХМЕТОВА,
«Дорожный» кітапхана-
филиалының кітапханашысы,
Қостанай қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.