«Учительская плюс» – менің газетім!

Выпуск - №45(492)   :   23.11.2021
370

Кез келген ұстаз газет оқып, көкжиегін кеңейтіп, қоршаған ортаның ақпараттарынан хабардар болуы тиіс. Өңірімізде педагогтерге арналған «Учительская плюс» газетінің болуы көңілге қуаныш ұялатады. Мен де аталмыш газеттің тұрақты оқырмандарының бірімін.

Халқымыздың ұлтжанды перзенті Міржақып Дулатов: «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор», – деген екен. Ал Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі», – деп баспасөздің тұлғаның жан дүниесінің айнасы екенін айқындап бергендей. Сондай басылымдардың бірі «Учительская плюс» – облысымыздағы ең беделді мерзімді баспасөз құралы. Әр санын асыға күтемін десем, асыра айтқандық болмас. Өйткені, одан жаныңа рухани азық аласың. Өңіріміздегі білім беру жүйесіндегі әр түрлі мәселелерге қатысты тәрбиелік мәні зор мақалалармен танысасың.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, газет оқырмандарына облысымыздың мектеп мұғалімдері мен оқушыларының бағындырған белесі мен жеткен толағай жетістіктерін апта сайын жарық көретін әр номерінде баяндап отырады. Сондай-ақ жас мамандардың кәсіби жағынан толыққанды рухани өсуіне де үлкен жәрдем береді. Оған дәлел: газеттің әр санын зер салып қарасаң, күні кеше ғана оқу орнын аяқтаған жас мамандардың тырнақалды туындылары мен жеңістері жарияланып, оқырманға жол тартады. Мұның өзі оларға ерекше күш-жігер беретіні сөзсіз. Айта берсең, газеттің жанды жадыратар тұстары өте көп. Аптасына бір рет көзі қарақты оқырманмен қауышатын газеттің өзіндік бағыты мен бағдары айқындалған. Болашақта да қос тілдегі басылымды ұлағатты ұстаздар қауымы әрі қарай сүйіп оқи беретіні даусыз.

Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы – білімді адам десек, онда «Учительская плюс» газеті білімді ұрпақ тәрбиесі жолында абыройлы қызмет етіп келе жатқан ұстаздар қауымының сенімді серігіне айналып үлгерді. Бұл газет менің де өмірімнің бөлшегіне айналды десем, артық айтқандық емес. Оның өз себебі де бар. Орыстың көрнекті педагогі К.Д. Ушинский: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады», – демекші, өз ісінің шебері болу үшін үнемі еселі еңбек, тынымсыз ізденіс және өзін-өзі жан-жақты тұлға ретінде дамытуға деген талпыныс керек. Осы мақсатта өзімді ғана емес, өзгелерге де үлгі болып, бағыт көрсетіп жазудан шаршаған емеспін.

Ұзақ жылдан бері қалам менің қарымды серігіме айналды. «Учительская плюс» газетінің редакциялық алқасымен шығармашылық байланыстамын. Олар жетекшілік еткен әр тың бастамаға тұрақты автор ретінде үн қосуға тырысып бағамын. Осы жолы да жазылу науқаны барысында үнсіз қала алмадым. Өңірдегі барлық ұстаздар қауымын төмендегі өлең жолдары арқылы газетке жазылуға шақырамын.

Ұстаздар қауымы,
Қауышар жұмада.
Оқы да тоқы көңілге,
Жаңашыл бол, тоқтама!
***
Көзі ашықтың жан серігі,
Ізденімпаздың өр тірегі.
Көп толғанбай, газетке жазыл,
«Учительская плюс» – ұстаздың газеті.


Индира ЖАЙЛАУБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
Рудный әлеуметтік-гуманитарлық
колледжінің арнайы пәндердің оқытушысы,
«Учительская плюс» газетінің
«Үздік автор» байқауының жеңімпазы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!