«Заң біздің тарапымызда»

Выпуск - №43(640)   :   01.11.2024
549

2

Дәл осындай тақырыпта «Южный» кітапхана-филиалында М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектептің 8 «Ә» сынып оқушылары үшін құқықтық ойын өткізілді.
Іс-шараға Қостанай қаласының жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция капитаны Атантаев Айдос Қанатұлы қатысты. Ол балаларға қай жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатынын түсіндірді. Инспектор көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын орындарда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауды қатаң ұсынды, мектептегі оқушылардың мінез-құлқы, мұғалімдерге, ересектер мен құрдастарына құрметпен және дұрыс қарау, әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас мәселелерін қозғады.

1

Әңгіме инспектордың кәсіби қызметінен алынған нақты мысалдар мен фактілерге негізделген. Іс-шарада балалар «Жылыту», «Мен азаматпын», «Құқығым бар», «Әдеби адвокат» құқықтық ойын кезеңдеріне белсенді қатысты. Сонымен қатар, ҚР Конституциясы бойынша сұрақтарға жауап беріп, белгілі әдеби шығармалар бойынша тергеу жүргізіп, бала құқықтарының бұзылу жағдайларын анықтады.

Сандуғаш КАСИМОВА,
«Южный» кітапхана-филиалының қызметкері,
Қостанай қаласы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!