Шолақсай жалпы білім беретін мектебінің жанынан құрылған «Bizbirgemiz» волонтерлер тобы ауылда тұратын жалғызбасты қарттарға қар тазалауға көмектесуді бастап кетті. Акцияға мектептің 10-11 сынып оқушылары ерікті түрде қатысуда.

Қаңтардың қақ ортасында боран болып, көшелерге ақ кілем төселгендей әдемілік пен әурелігі қатар жүретін қыс мезгілі ауылды біраз қиындыққа душар етті. Ауылдың қалың қар басқан көшелерін ЖШС қожалығының директоры Ихтиляпов Мади Өмірзақұлы тазалап береді. Шаурашылық тракторы күні-түні жұмыс істеп, ауылдың көптеген жерлеріндегі қар үйінділерін тазартып, тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтіретін жерлерді, көлік қатынасы жолдарын тазартады. Шолақсай халқы елі үшін еңбек етіп жүрген ұлдарына риза.
Адамның айналасындағы өзге адамдарға деген ықыласы мен көмегі, адамгершілік қарым-қатынастары кісілік келбетін көріктендіріп тұрады. Жалпы қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Бірі – рухани-экономикалық жағы, екіншісі – іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу. Сондай елжанды асыл азаматтың бірі де, бірегейі Мади Өмірзақұлы ауылдың ахуалын жақсарту және рухани әлеуетін арттыру үшін көптеген игі істердің ұйтқысына айналып отырғаны шындық. Міне, осындай қайырымдылық жасап отырған ағаларының өнегесін көрген жастар да өз қол көмектерін ұсынуда.
Еріктілеріміз жалғыз басты, жасы келген қарияларға үйлерінің маңындағы қарды тазалауға қолғабыс етуде. «Шолақсай ауылының тұрғыны қарт ұстаз Мукушева Зияда Көшкімбайқызы анамыздың үй ауласының қарын тазалауға волонтерлер білек сыбана кірістік. Ұстазымыздың үйіне апаратын күре жолдың жабылып қалуы, анамыздың құдықтан су әкелуіне қиындықтар туғызған еді. Сол себептен бүгінгі жұмысымыз Зида анамыздың ауласын тазарту болды», – дейді еріктілер қоғамының мүшесі Дүзенов Бауыржан.
Атаулы акция басталғалы бері қатысып, қарт адамдарға жәрдемдесіп жүрген технология пәнінің мұғалімі, волонтер Абылайхан Серікұлы да өз ойын білдірді. «Волонтерлер қатарына қабылданғаннан бері мұндай игі шараларға үнемі қатысып келемін. Қамқорлыққа зәру аналарымызға жәрдем беру қоғамдағы белсенділігім – менің азаматтық парызым», – дейді жас маман.
Шолақсай жалпы білім беретін мектептің директордың тәрбие ісі меңгерушісі Гүлжанат Қабиқызы бұл акцияның бір күндік науқан емес, тұрақты түрде өтіп тұратынын айтты. Өз сөзінде Гүлжанат Қабиқызы: «Бізге көмек сұрап тілек білдірген қар кісілерге қашанда қолғабыс тигізуге әзірміз. Біздің еріктілер қоғамы үш жылдан бері жұмыс жасайды. Балалар өте тәртіпті. Айтқанды орындайды. Үлкендерді сыйлайды. Біздің де парызымыз жастарды еңбекке тәрбиелеу ғой. Сол себептен ата-аналарда бізді түсінеді», – деп атап өтті.
Сол күні қалың қар мен тоқтаусыз соққан бораннан ауласындағы қарды тазалап, көмектескен еріктілерге алғысын білдірген Зияда анамыз жастардың ісіне дән риза екендігін жеткізді. «Волонтерлер былтыр да көмектесті. Өзім хабарласып жағдайымды айттым. Мені іздеп келіп, шаруаның барлығын тындырып кетті. Жастарға да, оларды осындай мейірімді етіп тәрбиелеген ата-анасына да алғысымды білдіремін», – дейді Зияда анамыз. Осындай игі іспен айналысып, қарттарға қол ұшын созып жүрген ереіктілер қоғамы асыл жандардың батасы мен алғысын алуда.
Жұмабике НҰРСЕИТОВА,
Шолақсай ЖББМ директоры,
Науырзым ауданы
Концепцию «Дети Казахстана» представили в правительстве РК
Эффективный инструмент логопедической работы
Проводник в мир профессий
Почему «10 минут» превращаются в два часа, и как это разрушает внимание
Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.