Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
24/08/26 Понедельник

Жалпы облыстық диктант өтті

Выпуск - №42(438)   :   23.10.2020
496

Қазақтың дана ақыны Абайдың 175 жылдығы барлық өңірлерде аталуда. Мерейтой аясында елімізде әр түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі – жалпы облыс көлемінде ұйымдастырылған диктант.

Диктантқа Қостанай ауданы, Айсары орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен басқа пән мұғалімдері бір кісідей қатысты. Диктанттың мақсаты – қазақ әліпбиін насихаттау, жазу дағдыларын қалыптастыру және әліпбиге бейімдеу. Одан бөлек патриотизм, махаббат, білім беру тақырыптарындағы ақынның адамгершілік-философиялық ойларына педагогтердің назарын аударуды көздегенін айта кеткен ләзім. Ал ең бастысы, аталмыш диктант хәкім Абайға тағзым ете отырып, оның рухани әлемін кеңінен ашуға, ақынның рухани мұраларын елдің санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылды. Осы орайда мемлекеттік тіл мен ұлы тұлғалар ұлтты біріктіретіні, бәрімізді тұтас ел ететіні ерекше атап өтілді.
Абайдың шығармашылығы бәрімізге жақсы таныс. Ақынның еңбектері ешқашан да ұлтқа бөлінбейді. Әр адамның дара жолы болатынын секілді, Абайдың дара шығармашылығы барлық адамзатқа тән, яғни Абай қазақтың ғана емес, адамзатқа ортақ «Дана тұлға» екенін мақтанышпен айта аламыз. Жалпы облыстық диктантқа мектептен 25 пән мұғалімдері қатысты. Диктант облыс бойынша бір мезетте белгіленген күні, яғни үстіміздегі қазан айының 14-і күні өткізілді. Диктант «Абай – тұлға» тақырыбында жазылған. Оның ішінде Абайдың өмір жолынан деректер келтіріліп, оның адамзатқа сіңірген еңбегі жайлы сөз етіледі. Осы тұста диктанның аудиожазба түрінде құрастырылғандығын айта кеткен жөн. Нәтижесінде адам бойындағы білім деңгейінің көрсеткіші саналатын сауаттылықтың дәрежесін анықтауға бағытталған жұмысты барлық ұстаздар қауымы ұқыпты әрі жоғары бағаға жазғанын айта кетейік.
Дарынды ойшыл шығармаларында адамгершілік, имандылық тәрбиесіне, оқу-білімге, әлемдік өркениетке жетуге көп көңіл бөлген. Ол жастарға арналған сөзінде жаман қылықтардан аулақ болуға, салмақтылыққа, сабырлыққа, жас кезден бастап иманжүзді болуға шақырады. Оларды жалқаулықтан арылып, білімге ұмтылса екен дейді. Ғұлама өз заманының жастарына сенбесе де, болашақ жастарға сенім білдірген. Абай атамыздың ұстанған мұраты – адамшылықты бұзбау, адамгершілік ізгілік қасиеттерді жоғары көтеру, адам деген ардақты атқа сай болу, яғни қазіргі ұзтаздар да осыны жас ұрпақ бойынан көру жолында қызмет етеді.

Дариға БЕРСҮГІРОВА,
Айсары ОМ қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Абай нақыл сөздерінде: «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге», – деп айтып кеткен екен. Ақынның шығармашылығын насихаттауға бағытталған жалпы облыстық диктантқа «Айгерим-Ай» балабақшасының педагогтері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсатына тоқталар болсақ, ол – қазақ әліпбиін насихаттау, жазу дағдыларын қалыптастыру, ақын Абай Құнанбайұлының патриотизм, махаббат, білім беру тақырыптарындағы терең ойларына педагогтердің назарын аудару. Жалпы облыстық диктантты Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинеті ұйымдастырғанын айта кеткен жөн.
Диктанат жазу іс-шарасы балабақша қабырғаларында салтанатты шара ретінде өткізілді. Онда «Балапан» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері би билеп, «Дружба» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Василиса Бубнова Абай атамыздың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқып берді. Шараға балабақша әкімшілігі мен педагогтері қатысты.


Аиэлита КУЖАХМЕТОВА,
«Айгерим-Ай» балабақшасы
қазақ тілі мұғалімі,
Қостанай қаласы

 

Реклама

Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!