Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Жан тазалығы – ар тазалығы

Выпуск - №15(563)   :   22.04.2023
890

Қазақ халқы қашанда қыз баласын ерекше қадірлеген, тәрбиесіне де аса мән берген. Жақында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде білім алушылардың қатысуымен «Аналар кеңесінің» мүшелерімен ауқымды іс-шара өткізілді.

Ұлттың болмысын қалыптастыратын жан болғандықтан халқымыз ежелден қыз бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Содан да болар, халық арасында «Қызға қырық үйден тыйым» деген мәтел жиі айтылады. Шынымен де қазақ қызының тәрбиесіне отбасы мүшесі ғана емес, бүтін бір ру, ел жауапты болған. Қызды қонақ деп күтіп, төрден орын берген. Қыз – жат жұрттық. Өскеннен кейін ұзатылып, басқа босағаға баратын болғаннан кейін, қызға, қыздың тәрбиесіне кішкентай кезінен үлкен мән берген. Халқымыз қыздың мінез-құлқымен қатар киім киісін де назардан тыс қалдырмаған.

«Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» деп көңілі мен жүрегі таза, әдемілікке, нәзіктікке құмар, өзінің емес, өзгенің өресін көтермелейтін қыз бала келешекте іргелі үйдің шаңырағын жоғары көтереді емес пе?! Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Сол себепті қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері болашақ ұрпақтың анасы екенін ұмытпаған абзал. Ар тазалығы отбасы берiктiгiне де себепкер болған. Анасы үнемі қыз баланың тәрбиесіне көңіл бөліп, тазалық пен ибалықты, тәртіп пен имандылықты сақтауды қадағалап отырғаны дұрыс.

Бұл жиынның басты мақсаты да сол: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрмыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, имандылық, тазалық қасиеттерін дарыту, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу. Кешімізде әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ-жауап, сондай-ақ салыстыру сияқты әдіс түрлерімен студенттеріміздің санасында қалатындай керемет кездесу болды. Кешімізге «Аналар кеңесінің» төрайымы Қалтаева Бақытжамал Аяғанқызы және кеңес мүшесі Кулмуханбетова Хамаруан Сейтмухамедовна қатысып, өз ақыл-кеңестері, тағылымды пікірлерімен бөлісті.

Тағылымды кездесу барысында әр айтқан сөздерін түртіп алатындай мардымды жауап берген кеш қонақтарына қайран қалдық. Ашық микрофон кезінде студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын ала білді. Алғыр студенттеріміз белсенділіктерін көрсетіп, сахналық көрініс қойып, көрерменнің қошеметіне бөленді. Ал өнерлі қыздарымыз «Қазақ қызы әдемі» атты ән-шашуларын тарту етті. Кездесу жүргізушісі – бітіруші түлегіміз – БМ-31 тобының студенті Жібек Қонарбай өзіне жарасымды сазды дауысымен жиынымызға жарық бергендей болды. Кеш қонақтары іс-шараның соңында алғыстарын айтып, игі тілектерін білдірді.


Айдана САПАРОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің әлуметтік
педагогі,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.