Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Ы.Алтынсарин атындағы гимназияда жоғары сынып оқушыларымен Желтоқсан оқиғасының куәгері Аубакирова Алия Қарсақбайқызымен «Желтоқсан жаңғырығы мәңгі есте» тақырыбында кездесу өтті.

Алтайдан Алатауға дейін ұлан-ғайыр жерді мекен еткен ата-бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар ел қорғауды ұран етіп, сол жолда құрбан болған батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы тәуелсіздігімізді жақындатты. Міне, биыл еңселі тәуелсіздігімізге 31 жыл.
Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың өткен тарихқа деген көзқарастарын қалыптастыру, егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш-қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Кездесу «Жас актёр» үйірмесінің оқушылары мен жетекшісі Анар Шобанқызы ұйымдастырған «Желтоқсан ызғары» көрінісімен ашылды. Көріністе Желтоқсан оқиғасына қатысқан жастардың аянышты тағдыры қалтқысыз суреттелді. Іс-шара барысында Алия Қарсақбайқызы сол бір тарихи оқиғада жастарды алаңға шығып, билікке қарсы шығуға не себеп болғанын әңгімелеп берді. «Сол кездегі жастармен қазіргі жастардың арасында алшақтық байқайсыз ба?» деген сұрақтарға жауап берді. Мектебіміздің 9 «Ә» сынып оқушысы Жанболат Шайкамол қадірлі қонағымызға жүрекжарды арнау өлеңін тарту етсе, Нұрасыл Сафаргалиев «Желтоқсан желі» әнін домбыраның сүйемелдеуімен тамылжыта шырқады.
Желтоқсан оқиғасында болашағы зор қазақ жастарының өмірі қыршынынан үзілді. Баласына үміт артқан қаншама ата-ананың жанары құрғамады. Оқуға кеткен баласының өлі денесін көріп, жүрегі мұздай болған ананың жанын түсіне алармыз ба... Көріністе сомдалған осы қайғылы оқиғалар оқушыларға ерекше әсер етіп, көздеріне жас әкелді. Кездесу кешінің соңында Желтоқсан оқиғасында мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына тағзым етілді. 1986 жылғы желтоқсанның 16-сында мерт болған жастардың есімі мәңгілік жадымызда.
С.Ахметова,
А.Тасмаганбетова,
Ы.Алтынсарин атындағы
гимназия директорының
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасарлары,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.