«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының басшысы мен мамандары Қостанай қаласының бірнеше оқу орындары мен білім ордаларын аралап, мектеп оқушыларына жол саласына қатысты ақпарат берді. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Бұл күндері жол саласына құрылыс инженерлері, инженер-сметашы, зертханашылар, асфальт-бетон төсеушілер, білікті механизаторлар керек. Сонымен қатар, геодезия, картограф мамандар, метеорологтар, механиктер, жол шеберлері жетіспейді.

«Қазақстанда 7 мыңнан астам мектеп бар, әр мектептен 1-2 баладан үгіттеп, жолшы маманын дайындасақ, 10 жылда бұл саладағы маман тапшылығы мәселесі шешіледі», – дейді орталық мамандары. Айтуларынша, жол саласындағы мамандардың жалақысы жоғары әрі әрдайым сұранысқа ие. Өйткені, елімізде жыл сайын мыңдаған шақырым автомобиль жолдары салынады немесе жөнделеді. Бұл мамандыққа мемлекеттік тапсырыс көлемі де аз емес. Мәселен, былтыр құрылыс жұмыстары мамандығына – 2800, электр энергетикасы және автоматтандыруға – 2200, автокөлік құралдары мамандығына – 700, көлік қызметі – 600, материалтану және технологиялар мамандығына – 300, жалпы жол саласына қатысты мамандықтарға 9570 грант бөлінген.

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын кәсіпті таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті келешекке жоспар құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек», – деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының басшысы А.Алшынбаев кездесулердің бірінде.
Еділхан ХАМЗИН,
№15 ЖББМ мұғалімі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.