Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Жылдың үздік оқытушысы

Выпуск - №24(471)   :   19.06.2021
543

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы маусым айының 1-і мен 15-і күндері аралығында оқытушылар арасындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы-2021» облыстық байқауын онлайн түрде өткізді.

Байқау 4 кезеңнен тұрды. Алғашқы «Жарнама» (PR) кезеңінде қатысушылар 15 минуттан аспайтын бейнесабақ үлгісін дайындап, онлайн дауыс жинаса, екінші кезеңнің талабы бойынша Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, атқарған қызметі мен шығармашылығы қамтылған тест тапсырмаларын орындады. Үшінші кезеңде оқытушылар Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, әдістері мен әдістемелік мақалалары, сонымен қатар оқытудағы түрлі педагогикалық-психологиялық жағдаяттарға байланысты бейнесұрақтарға жауап берді. Ал төртінші кезеңде қатысушылар өздерінің соңғы жылы шыққан оқулық, оқу-әдістемелік құралдарын, ғылыми-әдістемелік мақалаларын, байқаудағы жүлделі жетістіктерін көрсетті.



Бәсірелі байқаудың нәтижесінде Федоров ауданы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Слан Абдуллина І орынға, Қарабалық ауданы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Әйгерім Әбілова ІІ орынға, ал Қостанай ауданы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Гүлсая Нұрмолдина ІІІ орынға ие болды. Жүлделі орындардың иегерлері дипломмен және «Sulpak» электрондық-техникалық дүкенінің сыйлық сертификатымен марапатталды.



Сондай-ақ «Шығармашыл педагог» номинациясы бойынша Ұзынкөл ауданы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Мәдина Мырзашева, «Креативті педагог» номинациясы бойынша Меңдіқара ауданы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Иса Мусинов, «Жаңашыл педагог» номинациясы бойынша Рудный қаласы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Айнұр Идрисова марапатталды. Номинация иегерлері де дипломға және «Sulpak» дүкенінің сыйлық сертификатына ие болды. Ал қалған қатысушыларға арнайы Алғыс хаттар табысталды.

Диана ҚАДЫРОВА,
Қостанай облысы әкімдігінің
тілдерді дамыту басқармасының
бас маманы

 

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.