Мемлекет басшысы жариялаған биылғы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында елордасы Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында алғашқы ауқымды «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде.
Іс-шара ақпан айының 11-інен 15-іне дейін жалғасады. Алғашқы күннің өзінде-ақ бұл бірегей фестиваль 200-ден астам жұмысшы мамандықтарының өкілдерін бір ортаға біріктіріп, 10 мыңға жуық келушілерді құшақ жая қарсы алды. Фестиваль қонақтары техникалық және кәсіби білім беру саласындағы озық технологиялармен, бағдарламалармен танысып, отандық колледждер ұсынатын жаңа және сұранысқа ие мамандықтарды зерттеді. Жастардың бұл іс-шараға деген қызығушылығы ерекше: себебі, олар алысқа ұзамай-ақ, қызықтырған мамандықтарын жақыннан танып-біліп, әлеуетті жұмыс берушілермен де сөйлесу мүмкіндігіне ие болды.
Облыстық білім басқармасы ұсынған мәліметтерге сүйенсек, біздің облыстың төрт колледжі аталмыш республикалық фестивальге қатысуда. Оларға жеке-жеке тоқталар болсақ: Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының түлегі Жансая Сандыбекова, Қостанай құрылыс колледжінің «Интерьер дизайны» мамандығының 3-курс студенті Дамиля Тюлькубаева, дәл осы оқу орнының «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының 3-курс студенті Ерқуаныш Мұса, Қостанай жоғары политехникалық колледжнің «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығының 1-курс студенті Артём Алексеев, сондай-ақ Қостанай автомобиль көлігі колледжінің «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 4-курс студенті Александр Лошаев және осы мамандықтың 3-курс студенті Дәулет Серікбай. Бұл жастар бірнеше мәрте WorldSkills Kazakhstan чемпионатында жүлдегер атанып, колледждері мен өңірінің беделін түрлі деңгейдегі байқауларда асқақтатып жүргенін айта кеткен ләзім.
Фестивальде жұмыс берушілердің инженерлік және техникалық мамандықтарды даярлаудың заманауи технологияларына ерекше назар аударылды. Мәселен, білім беру мекемелерімен тығыз жұмыс істейтін Allur автомобиль компаниясы студенттерге жаңа жабдықта тәжірибе жинақтауға мүмкіндік бере отырып, Қостанай автомобиль көлігі колледжімен берік ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Жұмысшы мамандықтар қаласындағы көрмеде қала тұрғындары мен қонақтары оқу машиналарын, сондай-ақ автомобильдердің дизайн ерекшеліктерін көрсететін бөлшектелген жаңа Chevrolet Onix моделін тамашалай алды.
Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған фестиваль жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған. Ол болашақ мамандар, жұмыс берушілер мен білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, олардың арасындағы алшақтықты жоюға және ортақ алаң құруға мүмкіндік береді. Фестиваль бағдарламасы аясында тау-кен және металлургия, машина жасау мен көлік, аграрлық сектор және су ресурстары, құрылыс, болашақ мамандықтар, сондай-ақ құтқарушылар мен өрт сөндірушілер аймағы сияқты түрлі салалардың тақырыптық көшелері ұсынылды.
Келемін деушілер жұмысшы мамандықтарының қаласына тегін кіріп, түрлі қызықты және танымдық іс-шараларға қатыса алады. Арнайы семинарлар, мұнай және энергетика өнеркәсібі бойынша хакатон, кәсіптер шеруі, бос орындар жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесерлері, оған қоса машина жасау бойынша шеберлік сыныптар мен тренингтер де қонақтардың назарына ұсынылмақ.
Жамал ШАУКЕН,
суреттерді ұсынған
Allur баспасөз қызметі
және Ерсин БАПАНОВ
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.