Баланы тәрбиелеп, қоғамның сапалы мүшесі етіп өсіру – ата-ананың ардақты борышы. Халқымызда «Баланы жастан» деген мақал бар. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде соны істейді. Бірақ үнемі «үйтпе, бүйтпе» деп отырса, бала ынжық, жасқаншақ болып өседі.

Бала тәрбиелеудің жөні осы екен деп, тәрбиеден тыс қаталдық көрсетудің өзі бала өміріне қауіп туғызады. Аздаған қаталдық керек, десек те тәрбиелеудің дұрыс жолдарын қолданған жөн. Бала білуге құмар, көргеніне еліктегіш, түсінбесе сұрағыш, көкірегі таза, сыншыл және шыншыл болады. Баланың бойындағы осы қасиетін сақтау үшін оған тура шыншыл, адамгершілік тәрбие керек. Бүгінде балалардың телевизор, компьютерлерден көретіні: ұрып-соғу, жан-жануарларды жәбірлеудің үлгілері. Оны көрген бала іштей ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсіне бермейді. Әдетте теріс қылықтан кейін жаза тұрады. Бала ата-анасының жазасын әділетсіз жаза деп сезінеді. Сондықтан балаға не үшін жазаланғанын дұрыстап түсіндіріп, ойландырған жөн. Сонда бала өзін ата-ананың орнына қойып, қылығының олардың көзінде оғаш болғанын түсінеді.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Өскен орта, ата-ананың үлгісі дұрыс болмаса, бұндай тәрбие балаға кері әсерін тигізеді. Жастарымыздың еркіндікте, елдікте өмір сүрулері үшін қоғамның тыныштығы мен бейбітшілігі маңызды. Елімізде зорлық-зомбылықтың қанат жайып, белең алып тұрғаны белгілі. Осы бағытта Арқалық политехникалық колледжі үнемі жұмыстар жүргізіп отырады. Жақында «Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Арқалық қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Е.Байдосова және менің жетекшілігіммен қаламыздағы «Sulpak» сауда-орталығының 1-қабатында флешмоб ұйымдастырылды.
Аталмыш флешмоб арқылы жергілікті тұрғындар арасында ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасы рөлін нығайту, отбасы құндылықтарын насихаттау мақсаты көзделді. Осы акцияның ұйымдастырылуына зор үлес қосқан «Sulpak» әкімшілігіне үлкен алғысымызды білдіреміз. Жастарымызға дұрыс жол көрсетіп, уақыттарын тиімді пайдалана алатындай қоғамдық орындар мен мекемелердің көбейіп, жастарымызды қызықтыратындай ерекшеліктерге ие болып, өскелең ұрпақтың да қызығушылығы артып, зорлық-зомбылықсыз балалық шақты өткізуі әр баланың жақсылыққа қарай бет бұрғаны. Сондықтан балаңыздың отбасындағы алатын алғашқы тәрбие үлгісі зорлық пен зомбылықсыз ортада орындалуы тиіс.
«Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, бала қандай ортада тәрбие көрсе, сондай ортаға үйренісіп, сіңісіп, болашақта ата-аналардың қателіктерін қайталауы әбден мүмкін. Ендеше, баланы сеніммен тәрбиелеу зор нәтиже береді деп ойлаймын. Балаңмен дос, сырлас бола біл. Ешқашан қаталдықпен адамды адам ете алмайсың. Қатыгездік баланы ашындырады, жүрегіне өшпенділік тудырады. В.Сухомлинский: «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін», – деп атап өткен. Сондықтан да «Болам деген баланың, бетінен қақпа, беліп бу» демекші, дүниедегі мақсаттың да, міндеттің де ең үлкені – ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру екенін есте ұстайық.
Майра ИСКАКОВА,
Арқалық политехникалық
колледжінің әлеуметтік
педагогі
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.