Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
24/08/26 Понедельник

Зорлық-зомбылықты тежеу – ортақ мәселе

Выпуск - №19(616)   :   17.05.2024
931

1

Соңғы кездері адамдар, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың белең алуы туралы аз айтылып немесе жазылып жүрген жоқ. «Буллинг» термині де тұрақты қолданысқа енді.

Ағылшын тілінен аударғанда, «bullying» – кемсіту, келемеждеу, қорлау, яғни қарапайым тілмен айтар болсақ, өзгеге күш көрсету, әлімжеттік жасау дегенді білдіреді. Қоғамды толғандыратын мұндай келеңсіздіктің, әсіресе, кәмелетке толмағандар арасында жиі ұшырасуы ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. Ел болашағы – балалар мен жасөспірімдердің арасындағы кикілжіңнің соңы орны толмас өкінішке әкеп соғатыны алаңдатпай қоймайды. Таяуда теледидар жаңалықтарының бірінен жан түршігерлік сұмдықтың орын алғанын естіп, жағамызды ұстадық. Айдың-күннің аманында он төрт жасар жеткіншек өзінен жоғары сыныпта оқитын баладан ауыр соққы алып, мектеп әжетханасы маңында көз жұмды.
Зорлық-зомбылықты тежеу – ортақ мәселе. Қоғамдық мәселеге айналған осынау тақырып «Кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениеті мәселелерін шешудің және білім беру ортасында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тұжырымдамалық тәсілдері» атты ғылыми-практикалық диалог алаңында арнайы талқыланды. Диалог алаңының ұйымдастырылып, жоғары дәрежеде өтуіне Психологиялық қолдаудың өңірлік оқу-әдістемелік орталығы ұйытқы болғанын айта кеткен жөн. Алқалы басқосуға мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, білім алушылар, оқытушылар, психологтар, қоғам белсенділері қатысты. Сұхбат алаңын аталмыш орталықтың басшысы Елена Петренко ашып, басқосудың маңыздылығына назар аудартты және оған өзек болған тақырып төңірегінде тұшымды ақпарат берді.

2


Өзекті мәселені талқылауға белсенді қатысқандар арасында Астана қаласынан арнайы келген «Kazbrands» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Астана қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, Оқу-ағарту министрлігі жанындағы балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамыту жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің мүшесі Ж.Кайкенова да болды. Жаңыл-Бике Қасымқызы мектеп деңгейіндегі құқықтық білім және құқықтық сауаттылық жөнінде жан-жақты әңгімелеп берді. Қостанай ауданы білім бөлімінің балалар шығармашылық үйінің педагогі Д.Қалиевтің жетекшілігімен пікірсайыс қозғалысының мүшелері мектеп медиациясының жұмысы туралы сөз сөйлеп, қатысушылар сұрағына жауап берді.
Мектеп медиациясы, мектептегі қақтығыс, шиеленісті жағдайларды еңсеру жолдарын Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығының жаттықтырушы-медиаторы И.Зуев айқындап берді. Құқықтық білімнің төмендігі салдарынан орын алатын келеңсіздіктер турасында педагогика ғылымдарының докторы, Қостанай облысы әйелдер күштері альянсының төрағасы Римма Бектұрғанова баяндады. Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі ерекше. Балалар мен жасөспірімдерді жат қылықтан, өкінішті жағдайларға әкелетін оқыс әрекеттерден сақтандырудың жолы – оларды мейірбандық, жанашырлық, қоғамдық белсенділік, шығармашылық сынды ізгі қасиеттерге баулу екенін Е.Венгерская, Д.Качеев, М.Жақия және өзге де мамандар айтып берді.

3


Сұхбат алаңы буллингке қарсы жүйелі түрдегі тәрбие жұмысы өз нәтижесін беретіні, бала қауіпсіздігіне қатысты кез келген сипаттағы әлімжеттікке қатысты төзбеушілік қалыптасатыны, адам санасын жақсы жаққа өзгертетіні туралы қорытындыға келіп, өз жұмысын түйіндеді. Ашық әңгіме соңында балаларға қатысты аутодеструктивті мінез-құлық, зорлық-зомбылық, буллингті төмендету бойынша алдын алу жұмыстарын күшейту, тәрбие жүйесі мен психологиялық қызметті жетілдіру бойынша дәйекті де жүйелі жұмыс жүргізу, кәмелетке толмағандардың психологиялық және әлеуметтік әлеуетін, құқықтық мәдениетін арттыру бойынша тиісті қызметтерді күшейтуғе қатысты ұсыныстар жасалды.
 

Биалаш СҮЙІНКИНА,
ҚР білім беру саласының
құрметті қызметкері,
Қостанай қаласы

Реклама

Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!