Науырзым жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік жоспарға сай жаратылыстану-математика пәндер бірлестігінің семинары ұйымдастырылды.
Семинардың басты мақсаты – оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, жан-жақты білімдерін көрсетуіне жағдай жасап, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдап, ой қорытындысын жасау қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар, оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, өз ойын нақты әрі анық жеткізуге үйрету көзделді.
Биылғы оқу жылында жаратылыстану-математика бірлестігінде 5 мұғалім қызмет атқарады. Барлығы да жоғары білімді, аудандық және облыстық деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары. Бірлестік құрамына математика, физика, химия, биология, география пәндері кіреді. Бірлестіктің жетекшісі – жоғары білімді педагог-сарапшы, химия және биология пәндерінің мұғалімі Перизат Айдарбаева.
Бірлестік мұғалімдері: география пәнінің мұғалімі – педагог-модератор Тумар Садакбаева, математика пәнінің мұғалімі – педагог-зерттеуші Салтанат Абжанова, сондай-ақ информатика пәнінің мұғалімі – педагог-зерттеуші Жумабек Есенбаев және физика пәнінің мұғалімі – жас маман Жандос Әли.
Семинар барысында әр мұғалім сабағын жаңаша әдіс-тәсілдермен түрлендіріп, заманауи көрнекіліктерді тиімді қолдана білді. Әсіресе, жасанды интеллект элементтері сабақта белсенді түрде пайдаланылып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Ұйымдастырылған сабақтарға оқушылар белсене қатысып, білімдерін шыңдау мүмкіндігін алды.
Самал НУРМАГАНБЕТОВА,
Науырзым жалпы
білім беретін мектеп
директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.