Абай мектебінде мұражай ашылды

Выпуск - №12(660)   :   28.03.2025
778

1

Рудный қаласындағы Абай атындағы мектепте А.Құнанбайұлының 180 жылдығына орай өскелең ұрпаққа рухани азық беріп, құнды жәдігерлерден сыр шертетін «Қараңғы заманда шырақ жаққан – шамшырақ» атты тарихи мұражайдың салтанатты ашылуы өтті.

Елімізде рухани мұраны сақтауға үлкен көңіл бөлініп, осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих. Әр елдің өткені мен мәдениетін, салт-дәстүрін танытатын құндылық. Бүгінде тарихи-өлкетану және көркемөнер мұражайлары ерекше маңызға ие болып, жастардың қызығушылығын оятып отыр. Мектептердің көпшілігінде мұражай ашу игілікті істердің бірі саналады.
Ал, біздің мұражайды ашудағы мақсатымыз – ұлы ақынның шығармашылық мұрасын сақтау, насихаттау және өскелең ұрпақтың санасына сіңіру. Мұражайдың ашылуына орай мектепте салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, арнайы қонақтар шақырылды. Қалалық білім бөлімінің басшысы Темирхан Жайлибаев тарихи мұражайдың жас буынға зор рухани серпіліс әкелетінін атап өтті. Сонымен қатар, бұл бастама мемлекетіміздің жарқын болашағына бағытталған құнды қадам екенін айтып, жиналған көпшілікке ізгі тілегін білдірді.

3


Арнайы бағдарлама бойынша іс-шараның бірінші бөлімінде мұражайдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Лентаны қию құрметі қалалық білім бөлімінің басшысы Темирхан Бекбергенұлына, мәдениет бөлімінің басшысы Жанна Ермановнаға және қала ардагері Жақсылық Кәкенұлына берілді. Осы қуанышты сәтте әжелер шашуларын шашып, ақжарма тілектерін арнады. Абай әлемі – бізді жеті түнде адастырмайтын темірқазық. Оған қарап, тірлігіміздің дұрыс-бұрысын саралай аламыз. Дана ақын қазақ халқының жарқын болашағын білімді жастардан көрді. Мұражайда Абайдың шежіресіне көзіміз түседі. Анықтап қарасақ, оның ата-бабаларының Тобықты руынан тарағанын аңғарамыз.
Мұражай сөрелерінен ақынның шығармалары мен ол туралы жазылған естеліктерді көруге болады. Сонымен қатар, мұғалімдердің, оқушылар мен олардың ата-аналары дайындаған ақын шығармашылығына арналған жұмыстар ұсынылған. Абайдың жылдың төрт мезгіліне арналған еңбектерін де тамашалау мүмкіндігі бар. Әр қадамды басқан сайын тарихтың тереңіне бойлай түсеміз. Мұражайда ғылыми жұмыстарға, оқушылардың ақын жайлы жазған рефераттарына да арнайы орын бөлінген. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра», – деп Қадыр Мырза Әли айтқандай, музейдегі құнды жәдігерлерінің бірі – мектептің мұғалімі Дархан Сартайұлы өз қолымен жасаған Абайдың домбырасының көшірмесі. Бұл жәдігер ағаштан жасалған, үш ішекті аспап. Сондай-ақ, мұражайда Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрының макеті мен арнайы тапсырыспен гипстен жасалған Абай бюсті де орын алған.

2


Әрине, мұражайдың жұмысы мұнымен тоқтамайды. Сырт жақта жүрген жерлестеріміз мұражай туралы естіп-білген соң, құнды деректерімен бөлісіп, үлес қосатынына сенімдіміз. Алдағы уақытта мұражай жаңа мәліметтермен толығып, жетілдіріле түспек. Ал, іс-шараның екінші бөлімінде әдеби-музыкалық композиция ретінде «Мен бір жұмбақ адаммын...» қойылымынан көрініс ұсынылып, Абай өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Мұғалімдер мен оқушылар кезектесіп ақынның өлеңдерін жатқа айтты.
Қостанай өңірінің белгілі ғалым-ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы дана Абайды жоғары бағалап: «Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», – деген екен. Иә, бұл жәдігерлер – келешек ұрпаққа өткенімізден сыр шертер құнды мұра болары хақ. Тарихымыз бен мәдени мұрамызды білу – әрқайсымыздың міндетіміз. Мұражай күн сайын келушілер үшін ашық. Сыныптарға экскурсиялар ұйымдастырылады. Мектебіміздің жоғары сынып оқушылары экскурсия жетекшісі қызметін атқарады.

Гүлзада ШАЙМАРДАНҚЫЗЫ,
Абай атындағы орта
мектептің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.