Облыстық білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ Қарасу ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетімен бірлесіп, аудан орталығындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте музей педагогикасы бойынша құзыреттілік орталығының ашылуын ұйымдастырды.
Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына және Қостанай облысының Жол картасына сәйкес, «Барлығына қолжетімді сапалы білім беру» ұлттық бағдарламасын іске асыру аясында өткізілген іс-шараға Абай мектептерінің өкілдері, Рудный қаласындағы Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназия мен Қарабалық ауданының Тоғызақ мектебі, сонымен қатар құзырет орталықтарының директорлары қатысты. Қостанай қаласындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің атынан мен де тәжірибе алмасу мақсатында осы іс-шараның куәсі болып, мектептің дамуына жаңа идеялар мен тың шешімдер табуға септігін тигізетін құнды мүмкіндіктерді жинақтадым.
Музей педагогикасы білім беру мен тәрбие саласының тарихын, даму кезеңдерін және ғылыми жетістіктері мен педагогикалық идеяларын зерттеп, сақтап қана қоймай, көпшілікке таныстырады. Мұндай мұражайлар педагогикалық мұраларды, оқу құралдарын, ұстаздардың еңбектерін, сондай-ақ түрлі тарихи кезеңдердегі мектептердің жағдайын көрсету арқылы білім беру жүйесінің эволюциясын қадағалауға мүмкіндік береді. Педагогика мұражайларының негізгі міндеттеріне тоқталсақ.
Біріншіден, білім беру тарихын сақтау. Мұражайлар педагогика саласындағы ескі құжаттар мен материалдарды жинақтап, сақтайды. Бұл деректер ғылымның даму жолы мен оның әр кезеңіндегі негізгі өзгерістерді көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, қоғамдық ағарту. Мұражайлар арқылы педагогика мен білім беру жүйесінің маңыздылығы туралы қоғамды ақпараттандыру мен ағарту жұмыстары жүргізіледі. Үшіншіден, тәрбиелік және білім беру үдерісінің тарихи тәжірибесін зерттеу. Музей экспонаттары педагогикалық тәжірибелерді зерттеу үшін маңызды құрал саналады, сондай-ақ оларды қазіргі заманғы педагогикадағы жетістіктермен салыстыруға мүмкіндік береді. Төртіншіден, өткенді ұлықтау. Ұстаздардың және білім беру саласындағы белгілі тұлғалардың еңбектерін бағалау, олардың қосқан үлесін тану – маңызды міндет. Мұндай мұражайлар, әсіресе, педагогика мен тарихты зерттеп жүрген мамандар үшін маңызды рөл атқарады, өйткені олар ғылымның түрлі бағыттары мен жетістіктері туралы терең түсінік алуға мүмкіндік береді.
«Бала оқумен көргені, көңілге түйгені, көзіне, көңіліне әсер ететін нәрселерден баланың өзі де үлгі алады. Мұның бәрі – мектептің ықпалы», – деген екен дана Абай. Гаухар Қаби басқарған мектепте өткен семинар барысында музей педагогикасы бойынша жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесін көріп, күні бойы көңілге түйгенімді саралап, өз-өзіме есеп беріп, Гаухар Арғынқазықызына «Шебер басшы» деп баға беріп қайттым. Мұндай басшы өзінің қызметкерлеріне үлгі болып, өз жұмысына шынайы жауапкершілікпен қарайды. Оның жұмысында әділдік, ашықтық әрі тиімді коммуникация басымдыққа ие. Осындай ауқымды жұмыстарды атқару үшін тың идеялар ойлап табу, тәжірибелі педагог болу маңызды. Гаухар Арғынқазықызын «көпшілікке үйретуші», өз ісінің нағыз маманы дер едім. Сөз орайы келгенде, осындай семинарларды ұйымдастырған облыстық білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ басшылығына алғыс білдіремін.
Жасұлан БЕКЕНТАЕВ,
Абай атындағы жалпы
білім беретін мектеп
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.