10 тамыз – ақын, қазақ жазба әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер А.Құнанбайұлының туған күні. Сол себепті, елімізде дәл осы күн 2020 жылдан бері «Абай күні» болып бекітілген.
Биыл Абай Құнабайұлының туғанына 179 жыл толды. Осы уақытқа дейін Абай атамыздың бізге қалдырған бай мұрасы ұмытылған емес және ұмытылмайды да. Керісінше, шығармашылығы жаңа заманмен үндесіп, әр қазақ атамыздың шығармаларымен сусындауда десек, артық айтпаған болар едік. Ал, ұстаздардың, әсіресе қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің бұл мерекеге деген көзқарасы, қызығушылығы өзгелерден ерек. Өйткені, білім алушыларды осындай ұлы адаммен таныстыру – біздің тікелей міндетіміз.
«Абай күнін» біз де атап өттік. Қарабалық ауданындағы М.Сералин атындағы ЖББ мектебінің ұжымы мен оқушылары бұл айтулы күнге бір кісідей атсалысты. Мектебімізде жоспарға сай іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылармен көптеген жұмыстар жүргізілді. Мектебіміздің Instagram парақшасында да оқырмандарды өткізілген жұмыстармен таныстырып отырдық.
Алда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы келе жатыр. Бұл мерейтойды тек еліміз ғана емес, жан-жақта тарыдай шашылған барлық қазақ тойлайды деген үміттемін. Халқының көкірегі ояу, көзі ашық болуына Абай атамыздың қосқан үлесі зор екенін ешкім жоққа шығармас. Ендігі кезекте, дана тұлғаларымыз жаққан шырақты сөндіріп алмай, шығармаларын ұрпақтан-ұрпаққа жалғап отыруымыз қажет.
Алмабике ЕСКЕНДИРОВА,
М.Сералин атындағы ЖББ мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Қарабалық ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.