Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
02/11/26 Понедельник

Әбіш оқуларының үздіктері

Выпуск - №10(558)   :   13.03.2023
910

Қазақ халқының заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевқа арналған жыл сайынғы дәстүрлі республикалық «Әбіш оқулары» байқауының қалалық кезеңі Рудный қаласындағы Би-аға атындағы мектеп-гимназияда өтті.

Аталған байқау 4 бағытта және 29 оқушының қатысуымен ұйымдастырылды. Нәтижесінде Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер аталымы бойынша М.Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінің 8 «А» Айназ Жандарова, №12 ЖББ мектебінің 9-сынып оқушысы София Балашова, №17 ЖББ мектебінің 11 «А» сынып оқушысы Ангелина Элли қатысқандығы үшін сертификатқа ие болды. Ал Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Ақтоты Шарапатова ІІІ орынды (жетекшісі Кульбаева Тамаша Александровна), Абай атындағы ЖББ мектебінің 11-сынып оқушысы Юлия Шевчук (жетекшісі Есетова Алмагуль Тулегеновна) ІІ орынды, №5 гимназияның 10-сынып оқушысы Дилара Унгарова (жетекшісі Кабылдина Айгуль Илесбековна) І орынды иеленді.

Ә.Кекілбаевтың прозасы мен поэзиясынан мәнерлеп оқу аталымы бойынша №17 ЖББ мектебінің 9 «А» сынып оқушысы Ксения Киселева және М.Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Асель Калабаева қатысқандығы үшін сертификатқа ие болды. Ал А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББ мектебінің 10-сынып оқушысы Асель Шахатова (жетекшісі Бегайдарова Шынар Данияровна) ІІ орынды, Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Жолдасбек Анарбеков (жетекшісі Бірманова Қымбат Исланбекқызы) І орынды иеленді.

Шығармашылық жұмыс, яғни Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба аталымы бойынша Абай атындағы ЖББ мектебінің 8-сынып оқушысы Айдана Жарылхасымова, №12 ЖББ мектебінің 9-сынып оқушысы Айгерим Жумагелдина қатысқандығы үшін сертификатқа ие болса, М.Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Балзира Аргынова ІІ орынды (жетекшісі Шайкибекова Айткуль Поезовна) және Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Асель Ергенова (жетекшісі мен, Абуталпиова Асемгуль Багитбаевна) І орынды қанжығасына байлады. Сонымен бірге Кекілбаев шығармашылығынан сахналық қойылым көрсетуде №1 ЖББ мектебінің 9-сынып оқушылары Нұрсұлтан Қонақбаев, Егор Карев, Айнұр Бекболатова, Максим Кузнецов, Аружан Хасенова (жетекшісі Досанова Нургуль Сейткалиевна) қатысқандығы үшін сертификатпен марапатталды.

Ал М.Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінің 8, 9, 10-сынып оқушылары Марьям Кабулова, Нұрғиса Туреханов, Назерке Жоракулова, Әмір Куанышбеков, Арыстанбек Калибекұлы (жетекшісі Аманбаева Жулдыз Кушекбаевна) ІІ орынды иеленсе, Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның 9-10 сынып оқушылары Ернар Жолай, Жолдасбек Анарбеков, Мейіржан Ермеков, Айкүміс Сабитбекова, Айсара Уткелбаева (жетекшісі Қызыров Ғабит Сәбитұлы) І орынға ие болды. Сөйтіп, І орын алған дарынды оқушылар республикалық «Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алды. Обылстық кезеңнен тәжірибе алып, дарындылығын шыңдап, үлкен жетістікпен оралуларына тілектеспіз.


Асемгуль АБУТАЛИПОВА,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназия
директордың дарынды
балалармен жұмысы және
бейінді оқыту бойынша
орынбасары,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.