Ақсай ауылында спортзал ашылды

Выпуск - №45(441)   :   13.11.2020
593

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерге туыңды тік» тақырыбында Ақсай ауылдық округінде күрделі жөндеуден өткен мектеп спорт залының ашылу салтанаты болды. 

Іс-шара туған жерге жанашыр азаматтардың істерін үлгі ете отырып,жастардың патриоттық сезімдерін ояту, жас ұрпақтың жадына жастайынан өз денсаулықтарына үлкен жауапкершілікпен қарап, спортты серік етуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Рәсімге аудан әкімі Әмірхан Асанов, білім бөлімінің басшысы Мұрат Дихамбаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Тәжин, мәдениет бөлімінің басшысы Сағынғали Сейдин, аудан селосының әкімі Гаухар Жәнділдина және ауылдық округ әкімдері мен мектеп ұжымы, БАҚ өкілдері қатысты. Алдымен лента қию рәсімі аудан әкімі Әмірхан Біркенұлы мен Қали Жақсылықұлына берілді.



Ашылу салтанатында аудан әкімі Әмірхан Асанов ауыл тұрғындары мен оқушыларды спорт залдың ашылуымен құттықтап, аудан бойынша білім салаларында жасалып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сыртта жүрген жерлестер және ауданның қалталы азаматтарының арқасында үлкен жұмыстардың атқарылып жатқанын атап айтып, оларға ризашылығын білдірді. Спорт залды жөндеуге демеушілік жасаған жомарт жүректі жандарға Алғыс хатын табыстады. Рәсім барысында кәсіпкерлер Аман Аянов спорт құралдарын, ал Александр Павловский, Қайрат Омарбеков спорт киімдерін тарту етті. Ал Амангелді ауданының әкімі Әмірхан Асанов футбол доптарын тапсырды.



Әр баланың жүрегіне мейірімділік нұрын ұялатып, оның болашаққа деген үлкен сенімі мен үмітін үкілеп беретін, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, осы игі істің қасында жүрген ағаларымыз Александр Эдуардович пен Қали Жақсылықұлы құттықтап, «Спорт – саулық кепілі» мектеп оқушыларымен ауыл жастары жылдың кез келген мезгілінде осы залда спортпен айналысып, дене шымырлығын артыруға мүмкіндік алып, өздерінің денсаулығын шыңдап қана қоймай аудан намысын спорт бәсекелерінде қорғай беретініне тілектестігін білдірді. Айта кеткен жөн «Павловский» жеке шаруашылығының бастығы, Қостанай қаласы Воскресеновка селосында тұрғыны Александр Эдуардович былтыр мектеп бітіргеніне 40 жыл толуына орай спорт залының терезелерін салып берді. «Нұрлан» жеке шаруашылығының басшысы Қали Жақсылықұлы демеушілік жасап және де осы істі шебер ұйымдастырды. «Аян» жеке шаруашылығының басшысы, Қостанай қаласының тұрғыны Аман Ілиясұлы мен «Жеңісбек» ЖШС бастығы Мүбәрәк Сәндібекұлы да үнемі демеушілік жасайды.



Ақсай ауылының тумасы Қазақстан Республикасының Самбо чемпионатынан 5 дүркін, Әлем чемпионатынан 3 дүркін жүлдегер аталған, қазіргі уақытта Алматы облысы, Талдықорған қаласында бапкері Сәуле Габдуллинаның құттықтау хатын оқыды.
Хатта: «Құрметті Бүйректал ауылының жұртшылығы! Қадірлі жерлестер! Менің туған өлкем Ақсай ауылының барша тұрғындарын мерекемен және жаңа спорт кешенінің ашылу салтанымен шын жүректен құттықтаймын! Алдағы уақытта осы әлеутеттік маңызы бар нысан бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосып, талай дарынды шәкірттер мен дарабоз тарландар түлеп ұшып, егемен еліміздің көк байрағын жеңіс тұғырына көтеріп, желбіретеді деп сенемін. Алда биік белестермен жаңа жетістіктер тілеймін.еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ауылымыз қарқындап дами берсін!», – делінген.



Және де «Дарынды дарабоздар» көрмесін тамашаланып, ауылдың тумасы киокушинкай каратэден Қостанай облысы бойынша 8 дүркін чемпионы Сәулет Жұмақанұлы шәкірттері, атаулы білім ошағының спорттық үйірме жетекшілері Ерболат Жұматұлы мен Даурен Қалиұлының шәкірттері спорт түрерінен шеюерлік сабағын көрсетті.

Аудандық деңгейде команда арасында волейболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Ақсай ауылының жастары енді бос уақыттарын босқа өткізбей, саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысатын болады.
 

Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» балалар мен
жасөспірімдер шығармашылық
орталығының көркемдік жетекшісі,
Амангелді ауданы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.