Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру бағытында кітап оқуына басшылық жасау, қызығушылықтарын ояту, қазақ ертегілерін насихаттау бойына рухани құндылықтарды ұялату мақсатында үзілісте бір мезет ертегілер оқуын ұйымдастыру.

Мектебіміздің 4 «А» сынып оқушылары «Әжемнің ертегілері», «Шаруа мен аю», «Андерсен ертегілері» кітаптарын оқып, «Қуырмаш», «Аяз», «Аққу қаздар» сынды ертегілерді оқып, тіл байлығын, сөздік қорларын дамытуда. Нәтижесінде оқырмандар кітапхана қорындағы көркем әдебиеттермен танысып, оның ішінде ертегілер еліне саяхат жасады. Оқу барысында жылдам, сөздерін анық әрі нақты жеткізе алған 2 оқушыны атап өтуге болады. Олар: Зарина Зиаудинқызы мен Рамазан Ғарифолла. Қалған оқушылардың да оқу деңгейі жаман емес. Соның ішіндегі Бейбарыс Орынбай, Аяла Тұрнияз, Еламан Ержан, Досжан Шайзаданың жақсы оқығанын айтып өтсек ләзім. Дегенмен әлі де тілін жаттықтыру қажет оқушылардың бар екені белгілі, оларға жеке ескерту жасалып, оқи түсу керектігі айтылды.
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына», – десе, Абай атамыз: «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге», – деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінеміз. Ал ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн», – деп әр тұлға оқуға тиіс деп санайтын отыз таңдаулы кітаптың тізімін ұсынған болатын.
Қазір осы бағытта маңызды бағдарламалар жасалуда. Солардың бірі – «Оқуға құштар мектеп» жобасы. Осы жоба бойынша мектеп кітапханасында мектеп кітапханашысы А.Аскеровнаның ұйымдастыруымен мақал-мәтелдер сайысы өтті. Балалар мозайка арқылы мақал-мәтелдерді құрастырды. Ұйымдастырылған іс-шараның барлығы әлеуметтік желілерде жариялануда. Сондай-ақ жоба аясында «Ертегілер әлемінен сыр шертейік» тақырыбында сурет байқауы, «Әжемнің ертегілері» атты оқу марафоны ұйымдастырылуда. Басты мақсат – оқушыларды түрлі тақырыптағы ертегілерді оқи отырып, оқыған ертегілерінің желісі бойынша, мазмұнын дәріптеп сурет салу. Алдағы уақытта да жоспар бойынша жұмыстар жалғасын таба бермек.
Гульбира ДЕМЕУОВА,
Тимофеев ЖОББМ,
Әулиекөл ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.