Әлеуметтік қамқорлық – басым бағыт

Выпуск - №31-32(579-580)   :   25.08.2023
767

Жақында әдістемелік секциялардың жұмысы аясында Қостанай қаласының білім бөлімі әлеуметтік педагогтерге «Балаларға қолайлы жағдай жасау бойынша отбасын әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу» тақырыбында семинар өткізді.

Балалық шақ құқықтарын қорғау бөлімінің меңгерушісі А.Мұқанова семинарға қатысушыларға сектор қызметін талдауды ұсынды. Талдау қорытындысы бойынша әлеуметтік педагогтердің алдына бірқатар міндеттер қойылды. Атап өтер болсақ, олар: көмекке мұқтаж отбасыларды әлеуметтік жеңілдіктермен қамтамасыз ету; ата-ана міндеттерін тиісті деңгейде орындамайтын ата-аналармен профилактикалық жұмысты күшейту; өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір бала үшін қолайлы жағдай жасау.

Семинардың теориялық бөлімінде №8 ЖББ мектептің әлеуметтік педагогі З.Уразбаева отбасындағы қолайсыздықты анықтау және оны жою бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ал практикалық жағынан №10 ЖББ мектептің әлеуметтік педагогі Г.Исмаилова, №22 ЖББ мектептің әлеуметтік педагогі А.Молдағалиева №10 ЖББ мектептің психологы Н.Қайырғалиқызымен бірлесіп, қатысушыларымен отбасылардағы проблемалық жағдайлар бойынша екі тілде тренинг және коучинг өткізді.

Тағылымды семинардың нәтижесінде аталған мәселелерді шешу жолдары және мектеп әкімшілігінің мүдделі органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-қимыл алгоритмі анықталды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға қатысты барлық бағыттар бойынша ұсынымдар әзірленді.


Қостанай қаласының білім бөлімі

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.