Алтынсарин мектебі үздіктерінің айшықты белесі

Выпуск - №22(570)   :   11.06.2023
726

Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында бесінші рет «Алтынсарин жұлдыздарының шеруі-2023» дарынды оқушыларды марапаттау кеші жылдағы дәстүрге сай биыл да жалғасын тапты.

Кеш барысында 2022-2023 оқу жылында мектеп абыройын халықаралық, республикалық, облыстық көлемде асқақтатқан зияткерлік, ғылыми, шығармашылық байқаулар мен спорттық сайыстардың жеңімпаздарына «Алтынсарин жұлдызы-2023», «Қосар жұлдыз», «Шоқ жұлдыз», «Ғаламат жұлдыз», «Шабыт жұлдызы», «Дарын жұлдызы», «Спорт жұлдызы» және «Жыл мұғалімі» номинациялары табыс етілді. Айта кету керек, оқушыларымыз Букетов атындағы Қарағанды университетінің халықаралық олимпиадасы, «Roboloand-2023 VIII Халықаралық робототехника бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінен, «Әл-Фараби-2023» халықаралық олимпиада, Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиада, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық жобалар және олимпиадалар, республикалық ғылыми IT-жобалар, республикалық «Ясауи» олимпиадасы бойынша жүлделі жетістіктерге жетіп келеді. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш.

Биылғы оқу жылында мектеп атағын халықаралық, республикалық олимпиадалар, ғылыми жұмыстар мен зияткерлік байқауларда асқақтатқан мектеп мақтаныштарын Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беруді дамыту бөлімінің басшысы Исмурзина Карлыга Амангельдиновна марапаттады. Үздіктерімізге жеке-жеке тоқталып өтер болсақ, олар: Букетов атындағы Қарағанды университетінің халықаралық олимпиадасының физика пәнінен ІІІ дәрежелі жеңімпазы Аружан Бағытжан; Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІІІ Халықаралық конкурсының ІІІ дәрежелі жеңімпазы Алина Хасенова; 11-сынып оқушыларына арналған «Әл-Фараби» халықаралық олимпиадасының ІІІ орын иегері Данагуль Умбетова; 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы пәндік республикалық олимпиададан орыс тілі пәні бойынша І орын жеңімпазы Ақжол Кабденов; Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен оқушылардың республикалық олимпиадасында ІІІ орын иеленген Жазира Кенжебекова; ЖББ пәндер бойынша республикалық олимпиаданың орыс тілі пәнінен ІІ дәрежелі жеңімпазы Аружан Тасырова; Roboloand-2023 VIII Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің 1-орын иегері, ҚР Балалар жылына орай ұйымдастырылған республикалық ғылыми IT-жобалар байқауының 2-орын жеңімпазы Нұралы Мырзатаев; ЖББ пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ағылшын тілі пәнінен ІІІ орын жеңімпазы Сымбат Малдыбаева; республикалық «Ясауи» олимпиадасы, Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен олимпиададан өзін білім тұсынан мықтылығын дәлелдеп, жақсы нәтиже көрсеткені үшін аталған университетте тегін оқу грантын жеңіп алған Эльнура Қанатқызы; Гонконгтың City University of Hong Kong және Hong Kong Polytechnic University университеттерінің грант иегері Қуаныш Жолдыбаев.

Ал ұшқыр ойлы, нағыз дарынды ұрпақтарға тәлім-тәрбие беріп жүрген кешегі Ыбырай атамыздың ізбасарлары, бүгінгі күні марапатқа ие болған оқушыларды даярлап, олардың жеңіс тұғырында көрінуінің бірден-бір себепшісі болған ұстаздарды – Каримова Жазира Кабдуллаевна, Зейнуллина Мендігүл Жанбуршаевна, Касыбаева Акерке Терекбаевна, Сейткожина Шолпан Курмангалиевна, Мағзұм Гүлнұр Әмірханқызы, Байтасова Ботагоз Шаяхметовна, Жаппасбаева Гүлбаршын Айткуловна, Абикенова Гүлбану Абдырзаковна, Жумагулова Құралай Жумановнаны – мектеп директоры Келинбердиева Ырсалды Сиелханқызы марапаттады. Ал мектепішілік рейтинг қорытындысы бойынша 2022-2023 оқу жылындағы үздік жетістіктері үшін ІІІ орынға ие болған ұстаз Ермагамбетова Меруерт Қайыркенқызы, ІІ орынға ие болған ұстаз Байтасова Ботагоз Шаяхметовна және І орынға ие болған ұстаз Сейткожина Шолпан Курмангалиевнаны Облыстық білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Аканбаев Бағлан Нұрланұлы марапаттады.

Мектеп атынан қатысқан халықаралық, республикалық олимпиада мен ғылыми жобалар байқауларының бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған және мұғалімдік кәсіби байқауларға қатысып, жеңіске жеткен ұстаз, республикалық «Үздік педагог-2022» байқауының жеңімпазы Тасанова Гульмира Мухаметжановна «Жыл мұғалімі-2023» атанып, Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беруді дамыту бөлімінің басшысы Исмурзина Карлыга Амангельдиновнаның қолынан марапатталды.

Артынша 5-7 сыныптар арасындағы облыстық олимпиадалар, ғылыми жұмыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ернұр Нұрмұханбет, Дінмұхаммед Ғазиз, Елжас Мұханбетжан, Нұрәлі Мақсұт, Дархан Хозедиас, Самира Капанова, Адина Сагитова, Назира Ермуханова, Жанарыс Аралбай, Инсар Ондасын, Аружан Ғазиз, Дариға Даулетбек «Ғаламат жұлдыз» номинациясына ие болды. Оларды марапаттау үшін ортаға «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының директоры Раисов Рамазан Елеусизович шақырылды. 8-11 сыныптар арасындағы облыстық олимпиадалар, ғылыми жұмыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау үшін ортаға мектептің қамқоршылық кеңес төрайымы Ермаганбетова Гүлбану Истияровна шақырылып, Нурикамал Тулебай, Асем Сарсембаева, Ғалия Зекен, Аружан Бугатаева, Адия Абельдинова, Бекарыс Едресов, Аяжан Гаппарова, Ясмина Тасенова, Зарина Мухамеджанова, Махаббат Аманжолова, Аблайхан Нурсеитов, Мансүр Байдаулет, Дамели Ержанова, Арсен Абдыгалиев, Алтынай Касымова, Назгуль Малдыбаева, Арлан Кубжасаров, Ілияс Бекмұхамбетов, Азат Жуматов, Саяжан Мутунова, Айханым Амангелді, Дарина Жақан, Айдана Бурамбаева, Арайлым Дундинова, Нұрсезім Сапар «Шоқ жұлдыздар» номинациясына ие болды.

Ал 5-11 сыныптар арасындағы екі немесе одан да көп халықаралық, республикалық, облыстық олимпиадалар, ғылыми жұмыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері – «Қосар жұлдыз» номинация иегерлерін марапаттау үшін ортаға мектеп директорының әдістемелік жұмыс орынбасары Токтамысова Гульмира Карасаевна шақырылып, Алтынай Каликанова, Зарина Исламбекова, Санжар Зұлхарнай, Айя Даушева, Алина Аманжол, Аяулым Иманбаева, Камила Куаныш, Нұрсая Сәндібек, Нурай Нурмагамбетова, Адия Турганбекова, Айсауле Хасен, Әсел Хаджабай, Жансая Сапаргалиева, Дильназ Муратбекова, Жанель Мырзабек, Наргиз Төкеш, Данияр Серик, Ғасыр Есенқұлов, Елқанат Есімсейт, Сания Билгібай «Қосар жұлдыз» номинациясына ие болды.

Мектебімізде біліммен қатар шығармашылықты да қоса ұстаған оқушылар жетерлік. Ол оқушылар мектептің абыройын асқақтатып, халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық шығармашылық, өнер байқаулары, дебат, тоғызқұмалақ, шахмат турнирлері мен асық ату жарыстарында жеңіс тұғырында көрініп жүр. Оларға арнайы тағайындалған «Шабыт жұлдыздары» және «Спорт жұлдыздары» номинацияларының иегерлерін марапаттау үшін сахна төріне мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қасыбаева Ақерке Терекбаева шақырылды. Осылайша «Шабыт жұлдыздары» атағына Азиза Искакова, Аяжан Акбар, Арман Амиров, Ильияс Мұхтар, Жансулу Жаксимбекова, Әлихан Хожаш, Санжар Санай, Шұғыла Аманбек, «Дарын» домбырашылар ансамбілі, «Ажар» би үйірмесі, «Дарын» театры ие болса, «Спорт жұлдыздары» аталымымен Алихан Испудинов, Бекарыс Жұман, Бекзат Тайшыбай, Жансая Коптлеу, Жұбаныш Тобылбай, Нұрлыбек Әбілтай, Зангар Камалиев, Аружан Сумжанова, Аяжан Қалиола, Томирис Туребекова, Даяна Досова, Айым Әлібекқызы, Мәди Талғат марапатталды.

Айта кету керек, биыл «Дарынды жұлдыз» бен «Алтынсарин жұлдызы-2023» жыл оқушысы номинациясының иегерлерін қолдау үшін 2008 жылғы түлектердің алқа шешімімен «Мұрат Қылышбайұлы Жакин» атындағы стипендия тағайындалды. Жыл бойы өзін жан-жақты қырынан танытқан, білім мен шығармашылықты қоса ұстаған, бірнеше облыстық, республикалық байқауларда жеңіс тұғырында көрінген «Дарын жұлдызы» және «Алтынсарин жұлдызы-2023» жыл оқушысы номинациясын табыстау үшін ортаға Мұрат Қылышбайұлы Жакинның ата-анасы Жакина Нұржанат Совхозбаевна, 2008 түлектер, мектеп директоры Келінбердиева Ырсалды Сейілханқызы шақырылды.

Осылайша «Дарын жұлдызы» номинациясына ЖББ пәндер бойынша республикалық жобалар конкурсының облыстық кезеңінің ІІІ дәрежелі, республикалық кезеңінің ІІІ дәрежелі жеңімпазы, ЖББ пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қазақ тілінде оқытатын мектептегі орыс тілі пәнінен І дәрежелі жеңімпазы Roboloand-2023 VIII Халықаралық роботоехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің 1-орын иегері, сондай-ақ ҚР Балалар жылына орай ұйымдастырылған республикалық ғылыми IT-жобалар байқауының 2-орын иегері Айдана Утилиева ие болды. Ал Айзат Ибжарова «Алтынсарин жұлдызы-2023» жыл оқушысы номинациясының иегері атанды. Ол ЖББ пәндер бойынша республикалық жобалар байқауының облыстық кезеңінің І дәрежелі жеңімпазы, ЖББ пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен І дәрежелі жеңімпазы, Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен оқушылардың республикалық олимпиадасының І орын иегері.

Әр марапаттау рәсімінің арасында мектебіміздің шығармашыл жастары арнайы дайындаған концерттік бағдарлама көрермендерге ұсынылды. Келер жылы оқушыларымыз биік шыңнан көрініп, мектепішілік «Алтынсарин жұлдыздарының шеруі» іс-шарасына қатысушылар санының артатынына кәміл сенемін. Мерейі үстем болған оқушыларымызды құттықтай отырып, үлкен өмірге қанат қағып бара жатқан түлектерге жоғары оқу орнына ойдағыдай түсіп, абыроймен тәмамдап шығуларын тілейміз.


Ақмарал СЕРИКБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
мамандандырылған мектеп-
гимназия-интернаты
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Қостанай қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.