Амангелді мектебі – тірек мектеп мәртебесін алды

Выпуск - №19(667)   :   23.05.2025
632

1

Тарихы тереңде жатқан киелі қара шаңырақ – Амангелді жалпы білім беретін мектебі 2024-2025 оқу жылында зор мәртебеге ие болды. Білім ордасы енді ресми түрде тірек мектеп атанып, даму мен жаңғырудың жаңа сатысына көтерілді.
Тірек мектеп атану – зор сенім мен үлкен жауапкершілік. Бұл мәртебе Амангелді мектебінің материалдық-техникалық базасын түбегейлі жаңартуға, оқу-тәрбие үдерісіне жаңа серпін беруге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда мектеп заманауи талаптарға сай қайта жабдықталды: жаңа пән кабинеттері, IT-технологияларға негізделген сыныптар, робототехника зертханасы, жаңартылған кітапхана мен шығармашылық аймақтар оқушылардың сапалы білім алуына толық жағдай жасап отыр. Бұл жетістіктердің артында мектеп директоры, тәжірибелі ұстаз, білім саласының жанашыры – Дәуітбаев Бекзада Шайкамалұлының өлшеусіз еңбегі жатыр.
Бекзада Шайкамалұлы басшылық қызметінде мектептің материалдық-техникалық базасын заманауи деңгейге көтеру бағытында ауқымды жұмыс атқарды. Мектеп ғимаратының ішкі безендірілуі жаңаша сипат алып, оқу кабинеттері мен дәліздер ұлттық нақыштағы, тәрбиелік мәні зор көрнекіліктермен толықты. Оқу ортасын жаңарту барысында әр бұрышқа мән беріліп, оқушыларға қолайлы әрі шабыттандыратын орта қалыптасты. Мектеп ұжымының кәсіби деңгейін арттыру мақсатында мұғалімдердің басым бөлігі арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, жаңа білім беру технологияларын меңгерді. Бұл қадам мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін арттыруға, жаңартылған оқу бағдарламаларын тиімді енгізуге айтарлықтай мол мүмкіндік берді.
Амангелді жалпы білім беретін мектебі аудан көлеміндегі шағын жинақты мектептерге әдістемелік қолдау көрсететін орталық ретінде де жұмыс жүргізуді бастап кетті. Басқа да аудан, облыс көлемінде тірек мектептерімен тәжірибе алмасып, мектеп мұғалімдері апта сайын онлайн байланыс арқылы сабақтарын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісуде. Сонымен қатар пән бірлестіктерінің облыс деңгейінде семинарларын өткізуде өз жұмыстарын бастап кетті. Күні кеше жаратылыстану пән бірлестіктерінің облыстық деңгейдегі семинары біздің мектебімізде жоғарғы деңгейде өткізілді.
Тірек мектептің негізгі міндеті – сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету, оқушылардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту, педагогикалық тәжірибені тарату. Бүгінгі таңда Амангелді мектебі – тек сапалы білім берудің емес, рухани-мәдени орталықтың да үлгісіне айналды. Мұнда оқушылардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Спорттық, ғылыми және өнер бағытындағы үйірмелер, робототехника мен шығармашылық студиялар табысты жұмыс істеуде.
Болашақ – білімді ұрпақтың қолында! Осы ұранды ту еткен Амангелді жалпы білім беретін мектебі ұжымының алдағы уақытта да үлкен табыстарға жетіп, өңірдің білім саласындағы көшбасшысы болатынына сеніміміз мол.

Камшат АБДИКОВА,
Амангелді ЖББМ директордың ғылыми-
әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.