Аналар мерекесінің құрметіне

Выпуск - №12(660)   :   28.03.2025
704

1

Әйел – ана, әйел – қоғам қайраткері, ұстаз, дәрігер. Бәрінен бұрын ол – сәбилердің жан шуағы, қамқоршысы, тәрбиешісі. Халықаралық әйелдер күнін Амангелді жалпы білім беретін мектебінің ұжымы зор ықыласпен, ұйымшылдықпен қарсы алды.

Бұл мерекенің тарихы 1857 жылғы 8 наурызда Нью-Йорк қаласында аяқ киім тігу фабрикасы жұмысшыларының көтерілісінен бастау алады. Бұл күндері ол әйел теңдігі мен бостандығының, еңбекті бағалаудың жарқын үлгісіне айналды. Халқымыз ерте заманның өзінде әйел-аналарды құрметтеп, қыз баланы болашақ ұрпақты ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарға тәрбиелеуші ретінде бағалаған.
Халықаралық әйелдер күніне орай мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдері спорттық іс-шара ұйымдастырды. Мектептегі сахналық безендірулер мен дайындық барысындағы қарбалас ұжымның бұл мерекені асыға күткенін аңғартты. Спорттық шарада мектеп ұжымы үш командаға бөлініп, дартс, арқан тартыс, волейбол ойындары бойынша өзара сынға түсті. Жеңімпаз командаға арнайы сый-сияпаттар табысталып, үздік ойыншылар да марапатталды.
Артынша мерекелік жоспар аясында ұйымдастырылған концерттік бағдарлама көрермендерге ерекше қуаныш сыйлады. Мектеп директоры Н.Жақсылықовтың құттықтауынан кейін оқушылар ән шырқап, би бидеп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе, оқушылардың флешмобы мен «Құдаша» әніне қойған билері көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Іс-шара соңында мектеп басшылығы мен аудандық білім бөлімі үздік қызметкерлерді марапаттап, оларға қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді.
Концерттік бағдарлама хордың орындауындағы «Ана» әнімен қорытындыланды. Осы айтулы мерекеде Амангелді жалпы білім беретін мектебінің ұжымы барша ұстаз-аналар мен қыздарды, қызметкер-аналарды құттықтай отырып, қызметтеріне табыс, отбасыларына баянды бақыт тіледі. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

Көркем ШАЯХМЕТОВА,
Амангелді жалпы білім
беретін мектебінің
кәсіподақ төрайымы,
педагог-модератор,
Жангелдин ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.