Аудандық жарыстағы жеңіс

Выпуск - №10(658)   :   14.03.2025
469

1

Абай негізгі орта мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында қыздар арасында «Бес асық» ойынынан аудандық жарыс өтті. Бұл жарысқа Абай НОМ, Жуков НОМ, Нечаев НОМ, Молоканов НОМ және Озерный НОМ – барлығы 5 команда қатысты.

Ойын жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушылар өз шеберліктерін танытып, тартысты бәсекеде бақ сынасты. Жарыс барысында әр кезеңде қатысушылар үздік ойын өрнегін көрсетіп, қатардан суырылып алға шыққан ойыншылар жүлделі орындарға ие болды. Жарыстың нәтижесі бойынша 3-сақада 3-орынға Айзере Ербол (Жуков НОМ), 2-орынға Асылы Асылбай (Абай НОМ), 1-орынға Айзере Қайыржан (Абай НОМ); 2-сақада 3-орынға Камила Килинина (Жуков НОМ), 2-орынға Гүлсая Ардаубай (Озерный НОМ), 1-орынға Қарақат Амангелді (Абай НОМ); 1-сақада 3-орынға Анна Вайгант (Жуков НОМ), 2-орынға Альбина Махатова (Молоканов НОМ), 1-орынға Назым Аманжол (Абай НОМ) ие болды.
Ал, жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Абай НОМ бірінші орынды жеңіп алды. Озерный НОМ екінші орынды иеленсе, Жуков НОМ үшінші орынды қанжығалады. Бұл – тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналған үлкен шара болды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан осындай іс-шаралар жастарды тәрбиелеуде, оларды дене шынықтыру мен ұлттық ойындар арқылы дамытуда үлкен маңызға ие. Тартысты дода оқушылардың өзара ынтымақтастығын арттырып, ұлттық ойындарға деген қызығушылығын оятты. Сондай-ақ, қатысушылар арасында достық, әділдік, адалдық сияқты құндылықтарды дәріптеу мақсатында өткізілді.
Жарысты жоғары деңгейде өткізуге үлес қосқан барлық қатысушылар мен олардың жаттықтырушыларына алғыс білдіреміз. Олардың жетекшілігімен оқушылар тамаша нәтижелерге қол жеткізіп, жарыс жеңімпаздары атанды. Жарыстың қорытындысы, әсіресе Абай НОМ командасының жеңісі, ұжымдық жұмыс пен ортақ мақсатқа жетудің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, болашақта да жоғары жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз.

Абылай ИБРАЕВ,
Абай негізгі орта мектебінің
жаттықтырушысы,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.