«Ерте, ерте, ертеде...», – деп басталатын жолдар көпшілікке жақсы таныс. Одан әрмен қарай әдетте ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, адал мен арамды ажырата білуге жол сілтейтін тағылымға толы әңгіме жалғасын тауып жатады.
Қазіргі үлкені де, кішісі де ұялы телефонға телмірген жаңа технологиялар заманында ұлттық құндылықтарымыздың қайта жаңғырып, ұмыт болып бара жатқан игі дәстүрлердің жанданып жатқаны жанға жарық сыйлайды. Сондықтан, Қостанай қаласындағы №28 мектеп-гимназияда үстіміздегі жылдың басынан бері «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Үндестік» жобасы шеңберінде «Әжемнің ертегілері» жобасының бастау алғанын естігенде бей-жай қала алмадық.
– Жоба аясында әр аптаның жұма күндері ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, насихаттау мақсатында бастауыш сынып оқушылары арасында ашық сыныптан тыс іс-шаралар өткізілуде. Асыл әжелеріміз балаларға тәлімі мен тағылымы мол ертегі айтып беріп, құлақ түріп тыңдағын жанға тәрбиелік мәні зор өмірлік тәжірибесімен бөлісуде. Осылайша жас ұрпақтың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, әңгімелеуге ғана үйретіп қоймай, балалардың эстетикалық талғамын, білімін, сөйлеу нақышын, қызығушылығын артыратын жобаның шарапаты мол, – дейді №28 мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назгүл Чкаловна.
Үшінші тоқсан басталғалы бері осы уақытқа дейін «Әжемнің ертегілері» жобасын төрт сынып өткізіпті. Бұған дейін 1 «Б», 1 «В», 4 «Ә» және 1 «А» (суретте) сыныптары өткізсе, осы жұмада кезек 3 «Ә» кадет сыныбына жеткен. Әрине, ата-аналар мен ұстаздардың бекем бірлігі мен ынтымақтастығының арқасында жоба нәтижесімен қуантып, жемісті жалғасын тауып келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалардың қызығушылығы жоғары. Айта кету керек, әр сыныптың таңдалған тақырыбы бөлек, соған сай әжелер ертегісін айтады, балалар ән салып, би билеп, ата-аналармен бірлестікте ұлттық ойындар да ойнатылады.
– Өткен аптада біздің сыныппен «Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы» атты ашық сыныптан тыс іс-шарасын өткіздік. Басқа сыныптар көрермен болып келді. Іс-шараның алғашқы бөлімде Нұржамал әжеміз тағылымы мол «Батыр мен бала» ертегісін айтып, соңынан тыңдалған ертегі бойынша балаларға көмекші сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты. Ал, екінші бөлімде мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімдері Б.Оспанов пен Д.Туйтеновтың жетекшілігімен балалардың әкелері мен сыныптың ұлдары ұлттық ойындар – «Таяқ тарту» мен «Асық ату» сайыстарына қатысып, шапшаңдықтары мен белсенділігін көрсетіп, көрермендер қошеметіне ие болды. Іс-шара соңында кең дастархан жайылып, қатысушылардың барлығы дәм татты, – дейді 1 «А» сыныбының жетекшісі Гүлбану Нұрғожина.
Жұма күндері мектеп мұғалімдері де, оқушылар да ұлттық киімде. Құндылықтарымызды насихаттаған жоба аясында рухани демалып қалатындарын айтады бізбен әңгімесінде. Шарапаты мол жоба үшінші тоқсанның аяғына дейін жалғаспақ. Бірақ бұл соңы емес, мектеп-гимназия ұжымы алда бірталай игі бастамаларды жүзеге асырмақ ниетте.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.