«Балалар жылына» орай М.Хәкімжанова атындағы №20 ЖББ мектебінің 5 «Б» сынып оқушыларымен 5 күндік саяхат жобасын құрдық. Балалардың бос уақытын ұйымдастыру үшін, ең алдымен ата-аналармен ақылдасып, өткізілетін іс-шаралардың жоспары әзірленді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, барыс жылын «Балалар жылы» деп жариялағап, балаларға ерекше назар аудару керектігін айтқан болатын. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Президент бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында, ең алдымен, билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты: «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпы ұлттық міндетіміз».
Балалардың арнайы қарастырылып отырған жылдарында жас буынның туған өлкесіне деген сана-сезімін оятып, ақыл-ойын дамыту, оларды адамгершілікке, отансүйгіштікке, ізгі мұраттарға баулу, ынталандыру – маңызды мәселе. «Балалар жылы» аясында олардың сапалы өмір сүруіне, қауіпсіз қоршаған ортада өсіп-өнуіне ықпал ететін, жақсы білім алуына мүмкіндік беретін іс-шаралардың қатарында жоғарыда атап өткен 5-сынып оқушыларына арналған 5 күндік саяхат жобамызды айта аламыз. Жас буынға рухани ұлттық тәрбие беріп, бойындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, Отанды сүю, туған жеріннің топырағына, әрбір талына қамқорлықтан бастау алады емес пе!? Жазғы уақытта өткізілген бұл саяхаттан білім алушылар өздеріне не алды?
Сөйтіп 5 «Б» сынып оқушыларымен 5 күндік жоба аясында маршруттық картамызды жасап көрдік. Осы 5 күнді қызықты әрі есте қалатындай етіп жасадық. Әрине, мұның барлығы ата-аналардың қолдауымен іске асты. Бірінші күнді Ыбырай Алтынсарин кесенесі мен ескерткішінен бастадық. Мұндағы мақсатымыз – алғашқы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің ұрпағына қалдырған бай мұрасына үңілу. Жай бармадық, оқушылар өздері жаттаған өлеңдерін оқыды, соңында кесенеге гүл шоқтарын қойды. Балалардың алдыңғы күннен көрген-білгендерін толықтыру мақсатында екінші күні Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайына мәдени серуен жасадық. Онда балалар ағартушының алғашқы ашқан мектебі мен отбасы қолданған заттарды көрді.
Үшінші күні мәдениет және демалыс саябағы «Жеңіс паркінде» квест ойынына қатысты. Мақсатымыз: 1966 жылы жергілікті сәулетшілер – ағайынды Белоусовтардың бастауымен Ұлы Отан соғысынан қайтпаған қостанайлықтарды еске алу, батырлардың аты-жөні сақталған ескерткіш-мемориалды балаларға көрсету. Квестте кейіпкерді табу, картамен жұмыс және т.б. ойындар қамтылды. Екі топқа бөлініп, қиынды қағаздарға жазылған тапсырма саябақтағы кез келген ескерткіштерде не болмаса әскери техникаларға жасырын түрде тығып қойылды, сол қағаздарды тауып алып, қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, жауапты толығымен айтқан топ қағаз қиындыларын жинайды. Ал барлық қиындыларды толығымен жинаған соң, оны біріктіріп, суретін шығарды. Нәтижесінде бірінші топ жеңіске жетті.
Келесі, төртінші күні «Квест» ойынының жалғасы болып, онда сынып жетекші, ата-ана және білім алушы үштігі қатысты. Осы 3 топқа әртүрлі тапсырмалар беріліп, сол берілген тапсырманы орындаған топтар тапқан жерлеріне фотоға түсіп, сол мүсін туралы ақпарат берді. Сынып жетекшіге берілген тапсырма «Қостанай» қаласының аталуы туралы болды. Мен осы аңыз-әңгіменің мүсінінің жанында фотоға түсіп (Қос-Тана) деп туған жеріміздің аталу сырын айтып бердім. Ата-аналарымыз Қазақстанның «Қызыл кітабында» енгізілген жануарларды анықтап жатты. Ал оқушылар тапсырма аясында Ұлы Отан соғысынан қайтпаған қостанайлықтардың сөнбес шырағының жанынан табылды.
Саяхатымыздың бесінші күнін орманда жалғастырдық. Оқушылармен бірге ата-аналар да орманда шашылып жатқан бұталар мен сынған ағаштарды, пластик бөтелкелерді жинады. Артынша табиғат аясында көптеген спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырдық. Келген соң «Табиғатты суретте» деген тақырыпта көрген-білгенімізді қағаз бетіне түсіріп, туған жеріміздің табиғатының ерекшеліктерін сипаттадық. Балаларға «Отанды сүю керек» деген жаттанды сөзден гөрі дәл осындай іс-әрекеттер өте қажет екенін байқадым. Өйткені, бүгінгі күні туған жеріміздің әр талына жанашырлықпен қарап, ауламызды, көшемізді таза ұстап, сұлу да көркем көшемізді мақтан етсек, міне «Отанды сүю» деген осы деген пікірге келдім.
Осылайша 5 күндік саяхат жобамыз аясындағы осы маршрут арқылы қаншама жақсы нәрсеге куә болдық. Осы тұста бастамамызға қолдау көрсеткен ата-аналарымызға алғысымды айтқым келеді. Жобамызды іске асыру мақсатында сыныбымдағы оқушым Мерей Ерғалиқызы 1-7 сыныптар арасында өткен қалалық «Зерде» жобалар байқауында 1-орынға ие болып, облысқа жолдама алдық. Кейін облыстық деңгейде өткен «Зердеден» де 1-орынды иеленіп, республикаға жолдама алып отырмыз. Балаларымыз бақытты, аспанымыз ашық болсын!
Жанат БЕЙСЕНОВА,
М.Хәкімжанова атындағы
№20 ЖББМ география
пәнінің педагогі,
Қостанай қаласы
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.