Федоров ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ мектебі ілкімді істерде алдыңғы қатарда. Күні кеше ғана білім ошағында өткен ашық есік күні соның айғағы болса керек. Бұл күндері аудандағы жалғыз қазақ тілді мектепте жүзден астам бала білім алуда.

Жайлы кабинеттер мен керекті құрал-жабдықтар қамтамасыз етілген мектепте сапалы білім мен оқушының оқуға деген ынтасы да жоғары. Соның нәтижесі болу керек, мектеп ұжымы ақыл мен ой сыналатын, білек пен батырлық ортаға салынатын спорттық сайыстан да жүлделі оралып жүр. Ал, ашық есік күні үйдегі ойын баласының мектептегі оқушы бейнесін ата-анаға көрсету үшін ұйымдастырылып отыр. Бұл жөнінде мектеп директоры Нұргүл Қоңқастың ауыз толтырып айтары мол екен.

– Баласына алаңдамайтын ата-ана кемде-кем. Біздің бүгінгі іс-шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – баланың мектептегі тыныс-тіршілігін таныстыру. Оқу барысы, тәрбиесі және спорттағы жетістіктері туралы ашық көрсету еді. Ашық есік күніне біраз ата-ана келді. Олар арнайы әзірленген сайыстар мен жарыстарға қатысты. Бүгін Ы.Алтынсарин мектебінде оқитын балалардың ата-аналарын ғана шақырдық. Осы жылдың мамыр айында өзге мектептердегі оқушылардың ата-аналарын шақырып, кері байланыс орнату көзделіп отыр. Ашық есік күнін дәстүрлі жобаға айналдырамыз. Ендігі кезекте екі жылда бір рет тұрақты түрде өткізіледі, – дейді Нұргүл Серікқызы.

Іс-шара бағдарламасы он бағыт бойынша әзірленген. Әсіресе, балаларды ұлттық өнерге баулу жағы басты назарға алынған. Оған дәлел –көркем еңбек пәнінен ұлдар қамшы өріп, түрлі бұйымдар жасаса, қыздар тігін тігіп, қолөнермен айналысып жатыр.

– Біздің ұлттық өнердің бірі – қамшы өру. Оның ішіне терімен жұмыс істеу, оны илеп иінін қандырып, өңдеу жолдары кіреді. Жай ғана олардың жолдарын үйретпейміз. Сонымен қатар оның қасиеті қандай екенінен де мағлұмат беріп отырамыз. Бүгін көпшілік назарына торсық, қамшы, жүннен жасалған қолөнерді ұсындық. Шеберлік сағатында Айбатыр баламыз терімен жұмыс істеп, қамшы өріп, оны тобылғы ағашқа бекітті. Бұлардың барлығы кәдімгі күнделікті өмірдегі балға, біз, қайшы, пышақ, теріге арналған бояулар және тобылғы ағашы қолданылады, – дейді көркем еңбек пәнінің мұғалімі Айдын Диханбаев.
Иә, осыдан қазақтың қай ісінде болмасын, терең мағына жатқанын аңғарасың. Аталған мектепте ұлттық өнермен бірге заманауи робототехника да жақсы дамыған.

– Робототехникамен айналысып жатқанымызға үш жыл болды. Арнайы 3D принтеріміз бар. Роботтарымыз үш датчик бойынша жұмыс істейді. Екеуі түске, ал біреуі қандай түстің бойымен келе жатқаны жайлы мәлімет беріп отырады. Мектеп оқушылары шығармашылықтарына қарай кабинеттегі құрал-жабдықтарды пайдаланып, робот құрастырады. Бір робототты құрап шығуға бір сағат уақыт кетеді. Кейін смартфондағы арнайы қондырғылардың көмегімен басқарып отырады, – дейді информатика пәнінің мұғалімі Абзал Шұғайыпұлы.
Мектепте гуманитарлық пәндермен қатар жаратылыстану бағыты да жақсы дамыған. Балалар мұғалімнің қадағалауымен түрлі тәжірибе жасап, білімін шыңдай алады. Сол мүмкіндікті ұтымды пайдаланған оқушының бірі – Нина Чижевская. Қазақ тілінде анық сөйлейтін Нинаның жасаған тәжірибиесі көпті тәнті етті.
– Менің бүгінгі тәжірибем – судың тығыздығын өзгерту. Ыдыстағы қарапайым суға жұмыртқа салса батып кетеді. Керісінше, оған он қасық тұз салса, жұмыртқа батпайды. Үш қасық тұз салса, жұмыртқа суға жартылай батып, айналып жүзеді. Осылайша, біз судың тығыздығын өзгерттік. Бұл мектепте үйреген тәжірибиелік жұмысым, – дейді тоғызыншы сынып оқушысы Нина.
Мектептегі тағы бір өзгешелік – үштілділікке басымдық берілгені. Қазір физика пәнін ағылшын тілінде оқыту бағыты жоспарлы түрде жүзеге асып келеді. Бастапқы кезде сәлемдесу және кейбір терминдер ағылшын тілінде өтсе, бүгінде есептерге де ағылшын тілі енгізілген. «Заманға сай болу үшін ағылшын тілін білу өте маңызды. Оқушылар ертең ЖОО-на түскенде де тіл жағынан қиналмайтын болады», – дейді физика пәнінің мұғалімі Данияр Дәуренбеков.
Ізгілікке негізделген іс-шараның соңы оқушылар әзірлеген думанды кешпен жалғасты. Онда жиналған қауым ән мен биге қанығып, жас жайдарманшылардың өнерін тамашалады. Сондай-ақ, мектепте тоғыз ата-анадан құралған «Қамқоршылық кеңесі» жұмыс істейді. Олар білім ордасына көмек көрсетіп, биылғы оқу жылында түрлі-түсті принтер сатып алған. Аталған кеңеске мектеп басшылығы тарапынан арнайы Алғыс хаттар табысталды.
Бейбіт НҰРМҰХАНОВ,
суреттерді түсірген
Назым ШЫНУАР,
Федоров ауданы
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!
Мир, в котором живет человек, зависит прежде всего от того, как его данный человек понимает, а следовательно, от свойств его мозга: сообразно с последним мир оказывается то бедным, скучным и пошлым, то наоборот, богатым, полным интереса и величия.
Умный человек и в одиночестве найдёт отличное развлечение в своих мыслях и воображении, тогда как даже беспрерывная смена собеседников, спектаклей, поездок и увеселений не оградит тупицу от терзающей его скуки.