– 2024-2025 оқу жылы да мәресіне жетіп отыр. Бұл жыл сіз басқарып отырған білім ордасы үшін қандай оқиғалармен, жетістіктермен есте қалды?
– Әр оқу жылы өз ерекшелігімен есте қалады ғой. Биылғы жыл біз үшін аса жауапты кезең болды. Қараша айында мектебіміз мемлекеттік аттестациядан сәтті өтіп, бес жылдық еңбегіміздің нәтижесі жоғары бағаланды. Бұл – тек оқу жетістіктері емес, ұстаздардың кәсіби деңгейі, тәрбие жұмыстары, әдістемелік жұмыстардың жүйелі жүргізілгенінің көрсеткіші. Ең біріншіден, соған қуандық. Одан кейін, балалар мен мұғалімдердің жетістіктері. Мектеп-гимназия болғандықтан, көбіне зерттеу жұмыстарына мән береміз. Шәкірттеріміз қыркүйек айынан дайындалып, қалалық және облыстық сайыстарда жүлделі орындардан көрінді. Мұның барлығы мұғалімдердің тынымсыз еңбегі мен жүйелі оқытуының нәтижесі.
– Оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі, жалпы белсенділігі туралы не айта аласыз?
– Білім сапасы алдымен ұстаздың кәсіби шеберлігіне байланысты. Бұл ретте мектептегі әдістемелік бірлестіктермен қатар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымыз Маржангүл Байбосыновна мен Роза Назымовнаның атқарып жатқан еңбегі зор. Олар үнемі бақылау жүргізіп, кеңес беріп отырады. Ашық сабақтар, әдістемелік талқылаулар арқылы әр мұғалімнің жұмысын жіті қадағалап, сапаны арттыру бағытында жұмыс істейміз. Ал тәртіпке келер болсақ, бұл – мектеп пен ата-ананың бірлескен еңбегі. Ата-анамен тұрақты байланыс, сынып жетекшілерінің тәрбиелік жұмыстары оқушылардың мінез-құлқына оң әсерін тигізбей қоймайды. «Тәртіпсіз ел болмайды» дейді ғой. Сондықтан осы тәртіп болған жерде барлығы да ретін тауып жатады.
– Жыл ішінде жүзеге асқан іргелі жобаларға тоқталып өтсеңіз.
– Мектебімізде былтырдан бері енгізілген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жүйелі жалғасын тауып келеді. Бағдарлама атауына сай, өз ішінде маңызды рухани құндылықтарды қамтиды. Оның басты өзегі – ана тіліміз, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр. Осы үш құндылықты ұштастыра отырып, біз оқушылардың тілдік ортасын қалыптастыруға, мәдени сауаттылығын арттыруға, ұлттық болмысын сақтауға бағытталған жұмыстар жүргізіп келеміз.
Бала мектепке келгенде барша ұғымды бірден түсінбеуі мүмкін. Алайда күнделікті қазақ тілін естіген сайын, құлағы үйреніп, ұлттық құндылықты бойына сіңіріп, еліне жанашыр азамат болып өседі. Аталған құндылықтарды, алдымен, ата-ана дарытуы тиіс. Дегенмен, бүгінде ата-аналар жұмысбасты болғандықтан, біз оларға ой салып, бала тәрбиесіне ұлттық ұстаныммен қарауға бағыттаймыз. Сол арқылы ата-аналар да балаларына дәстүрімізді үйретуге бет бұрып отыр. Мәдениет те – тәрбие негізі. Ол тек сахнамен шектелмейді, дастарқан басындағы, көшедегі, мектептегі мәдениет – бәрі де балаға үлгі.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының алдында, үш жыл бұрын, біз «Күретамыр» жобасын қолға алған едік. Бұл жоба Зейнеп Ахметованың аттас кітабының негізінде құрылды. Пандемиядан кейін балалар да, ата-аналар да ана тілінен, ұлттық мәдениетінен алшақтай бастағаны байқалды. Сондықтан осы жобаны енгізіп, ата-аналармен тығыз жұмыс жүргізе бастадық. Соның аясында «Әкелер мен аналар мектебі» құрылып, отбасылық тәрбиенің мәні мен маңызын қайта жаңғырттық. Үйге кіргенде амандасудан бастап, киім кию әдебі, дастарқан басындағы тәртіп, ұлттық салт-дәстүрлер – барлығы да жоба аясында қамтылды.
Жақында мектебіміздің ұйымдастыруымен «Бастауыш мектептегі ұлттық тәрбие негіздері» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтіп, ұлттық құндылықты бастауыш сынып оқушыларының бойына сіңіру жолдары кеңінен талқыланды. Мұғалімдеріміз секциялық отырыстарда тәжірибесімен бөлісіп, нақты мысалдар келтірді. «Тәрбие басы – талбесік» демекші, жалпы ұлттық тәрбие жұмыстары дәл осы бастауыш буыннан басталуы тиіс деген ортақ тұжырымға келдік.
– Ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттырып, оқушылардың білімге деген қызығушылығын ояту жолында қандай жұмыстар атқарылды?
– Биылғы оқу жылында мектебімізде 496 оқушы 19 сыныпта білім алуда. Өткен жылы оқу үлгеріміміз 79,2 пайызды құраса, биыл қыркүйек айында бұл көрсеткіш 87,2 пайызға жетті. Бұл, бір жағынан, оқушылар санына да байланысты, дегенмен басты себеп – мұғалімдердің жүйелі әрі сапалы еңбегі. Білім сапасын арттыруда ата-аналармен байланысты нығайту маңызды рөл атқарады. «Неге менің балам төмен баға алды?», «Неге сабаққа қатыспайды?» деген сұрақтар туындамас үшін үнемі ашық сабақтар, ашық есік күндерін ұйымдастырып отырамыз.
Ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мектепте әдістемелік бірлестіктер мен пәндік кафедралар белсенді жұмыс істейді. Жас мамандарға тәжірибелі әріптестері тарапынан үнемі қолдау көрсетіліп отырады. Жыл бойында ұстаздардың жұмысы жан-жақты бағаланып, оқу жылының соңында рейтинг жасалады. Онда оқушылардың қандай байқаулар мен жобаларға қатысқаны, жетістіктері ескеріліп, әр сынып деңгейінде «Жыл оқушысы» анықталады. Бұл марапаттарды дәстүрлі түрде соңғы қоңырау салтанатында табыстаймыз.
– Осы оқу жылында ерекше жетістіктерімен көзге түскен шәкірттер мен ұстаздар бар ма?
– Әрине, биыл да шәкірттеріміз бен ұстаздарымыз мақтанышпен айтарлықтай жетістіктерге жетті. «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңінде Зере Шөптібай мен Даниал Жанбрбаев 1-орын, Али Сейтпанов пен Айдана Жұман 2-орын, ал Ақжігіт Бақытжан, Кәусар Төрехан, Мәриям Ердес, Алихан Мухтарұлы, Сырым Асхатұлы және Ораз Мұхаммед Сексембай 3-орынды иеленді. Аталмыш байқаудың облыстық кезеңінде Даниал Жанбрбаев 2-орынға ие болып, мектебіміздің мерейін үстем етті.
1–4-сынып оқушыларына арналған кешенді олимпиаданың қалалық кезеңінде Инабат Кеңесбай, Арсен Қуандық, Айша Рахматулла және Ораз Мұхаммед Сексембай 2-орын алып, өз білімдерін жоғары деңгейде дәлелдеді. Ал Арсен Қуандық, Алдияр Едрес және Нұғман Кеңесбай «Бастау» математикалық турнирінің қалалық және облыстық кезеңдерінде 1-орын иеленіп, республикалық кезеңде 3-тұғырдан көрінді. Оған қоса «Білгіш» қазақ тілі бойынша танымдық ойынының қалалық кезеңінде Али Сейтпанов, Сезім Төретай және Зере Шөптібай 1-орын алып, білімдерімен ерекшеленді.
Бұл жетістіктердің артында аянбай еңбек еткен мұғалімдеріміз – Алтынай Кайратовна, Даметкен Кенесбаевна, Айжана Умирбековна, Айтгуль Кайратовна, Шолпан Бурабаевна, Қымбат Тойманқызы, Закира Асылбековна, Қанағат Турсуновна, Жанар Жиентаевна, Лязат Аубакировнаның еселі еңбегі бар.
– Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?
– Келесі оқу жылында «Күретамыр» жобасын авторлық бағдарлама ретінде енгізіп, ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында республикалық деңгейде семинар ұйымдастырғымыз келеді. Бүгінде 56 үздік оқушымыз бар, бұл көрсеткішті арттырмақ ниеттеміз. Мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетіп, тәжірибе алмасу алаңдарын ұйымдастыру да күн тәртібінде.
– Бүгінгі жас ұрпаққа қандай үміт артасыз?
– Менің ең үлкен арманым – балаларымыз ана тілін ұмытпаса екен, мектебіміздің түлектері қазақ тілін жетік меңгерген, тәрбиелі, мәдениетті, рухани бай, адамгершілігі мол, еліне жанашыр азамат болып өссе деймін.
Жамал ШАУКЕН
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Праздник профессионализма: выбраны лучшие педагоги-психологи области
Обмен опытом и расширение возможностей
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».