Білім ордасында Отбасы күні

Выпуск - №39(636)   :   02.10.2024
218

2

Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектепте Отбасы күні ерекше атап өтілді. Іс-шара сынып сағаты форматында емес, спорттық жарыс түрінде ұйымдастырылып, оған 7 «А» және 7 «Б» сыныптары бір-біріне қарсылас команда ретінде қатысты.
Спорттық жарыстың мақсаты – командалық рухты және бірлестікті арттыру, сондай-ақ отбасы мүшелерінен қолдау мен жылылық сезінуге мүмкіндік жасау болатын. Жалпы, тартысты жарыс төрт кезеңнен тұрды. «Баскетбол» кезеңі командалық рухты арттырып, бірге жұмыс істей білуді үйретіп, жеңіс пен жеңіліске дайын болудың тәрбиелік мәнін көрсеткен болса, «Есеп шығару» кезеңі білімнің маңыздылығын, логикалық ойлауды дамытудың қажеттілігін атап өтті.

1

«Сұрақ-жауап» кезеңінде балалар география, тарих және спорт туралы білімдерін тексеріп, әр сұрақтың жауаптары арқылы отбасы мен достықтың маңызын терең түсінуге мүмкіндік алды. Ал, келесі «Арқан тарту» кезеңі командалық жұмыс пен бір-біріне қолдау көрсету арқылы отбасы мен достар арасындағы байланысты нығайтты. Өткен жылдан бері жеңісті қолдан жібермей келе жатқан 7 «Б» сыныбы биыл да 1-орынды иеленді. Сәйкесінше, қарсылас командадан ұпай саны бойынша артта қалған 7 «А» сыныбы 2-орынға ие болды. Қатысқан ата-аналар мен оқушылар бұл күннен үлкен әсер алып, отбасы мен достықтың маңыздылығын терең түсінгендерін айтты.

Сыныпты жұмыла әрекет етуге үндеген ойын бәріне ерекше қуаныш сыйлады. Жарыс соңында жеңімпаздар мақтау қағаздары мен лайықты марапаттарға ие болды. Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған сынып жетекшілері Асемгүл Бегайдарова мен Арайлым Бектепбергеноваға ата-аналар мен оқушылар алғыстарын білдірді. Ал, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бекмұрат Қапденнің кәсіби шеберлігі іс-шараны жандандыра түскенін айта кеткен жөн. Оның спорттық ойындарды тиімді ұйымдастыруы оқушылардың белсенділікпен қатысуына сеп болды. Осылайша, Отбасы күні оқушылардың бірлесе жұмыс істеуіне, отбасы мен достықтың қадірін түсінуге үлкен үлес қосып, қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлады.

Дильназ САНТАЙҚЫЗЫ,
А.Бірімжанов атындағы ЖББ мектебінің практиканты,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.