Қостанай ауданындағы Рыспай негізгі орта мектебінің оқушылары мектепішілік сайыстарға қатысып қана қоймай, аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі байқауларда бақ сынап, жүлделі орындарға ие болуда.
Белсенділік танытып, өзінің қабілет-қарымын арттырып жүрген әрбір шәкірт – мектебіміздің, оның ішінде ұстаздарының мақтанышы. Соңғы жетістіктердің ішінде жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың аудандық кезеңінде жүлделі орындарды иеленген оқушыларымызды, ең алдымен, ерекше атап өткім келеді. Олар: мемлекеттік тілде білім алатын 7-сынып оқушысы Илияс Жұмабек (3-орын); орыс тілінде білім алатын 8-сынып оқушысы Зарина Албагачиева (3-орын) және мемлекетттік тілде білім алатын 9-сынып оқушысы Тойжан Молибаева (2-орын).
Сонымен қатар, тағы бір айта кетерлігі – «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген ЖББ мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына қатысып, көптеген оқушыларымыз жүлделі I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Олардың әрқайсысын жеке-жеке атап өтсек. I дәрежелі дипломды 4-сынып оқушысы Артем Шевченко, 9-сынып оқушысы Айлана Сулейменова, сондай-ақ Айша Асылбек, Заңғар Сақтапберген және Бексұлтан Бөлтірік иеленді.
II дәрежелі дипломға 7-сынып оқушысы Балжан Акбар, 6-сынып оқушысы Лаура Сулейменова, сондай-ақ Нурислам Қапсұлтан, Құралай Асылбек, Аяла Жұмабай және Айзере Жаллидин ие болды. Ал, III дәрежелі дипломды Жантөре Дамеров, Бекболат Бөлтірік, Раяна Балшикбаева және Амина Жаллидин қанжығасына байлады. Жеңімпаз шәкірттерімізді мектеп ұжымының атынан құттықтай отыра, алдағы уақытта сәттілік серік болсын дейміз.
Фарида ЕСІМХАН,
Рыспай негізгі орта мектебінің дарынды
балалармен жұмыс кординаторы,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.