Науырзым ауданы білім бөлімінің ауылдық мектептерінің 8-сынып оқушылары арасында «IQANAT» республикалық олимпиадасының бірінші кезеңі Жамбыл орта мектебінде өтті. Аталмыш байқауға Шолақсай орта мектебінің 8-сынып оқушылары да қатысты.

«IQanat» республикалық олимпиадалық байқауына аудан мектептері бойынша 50 оқушы қатысты. Бұл Науырзым ауданы бойынша 8- сынып оқушыларының 100% құрайды. Олимпиадаға келген оқушыларды аудандық оқу бөлімінің бас маманы Мадина Ермағамбетова қарсы алып, ұйымдастыру кезінде әр қатысушыға «IQanat» белгісімен білезік және арнайы қалам табыстады. Артынша арнайы дайындалған сюжетті бейнефильм ұсынылды. Шараға Қостанай областық ОФ «IQanat координаторы» Гульнар Берсагурова қатысқанын айта кеткен жөн. Оқушылар 4 аудиторияда 15-тен отырғызылып, олимпиада санитарлық талаптарға сай өтті.
«Олимпиада жеңімпаздарын не күтіп тұр?» деген сұраққа тоқталар болсақ, әрине, олар арнайы жолдамамен республикалық кезеңде бақ сынауға мүмкіндік алады. Сондықтан да қатысушылар білім деңгейін барынша көрсетуге тырысып бақты. Өз сөзінде Науырзым аудандық білім бөлімінің бас маманы Мадина Қуанышбайқызы:
– Биылғы «IQanat» олимпиадасына ауыл мектептерінен тіркеуден өткен 8-сынып оқушылары толықтай қатысуда. Олимпиаданың басты мақсатты мен міндеті – әрине, білім деңгейін үздіксіз жетілдіруге ұмтылған ауыл оқушыларын табу және қолдау. Жастардың білімге деген қызығушылықтарын ояту да әркез басты назарда. Оларға өз әлеуетін ашуға көмектесу де осы олимпиаданың еншісінде. Сондай-ақ «IQanat» олимпиадасы оқушыларды өзіне сенім білдіріп, бастама көтеруге үйретеді, – деп түсіндіріп өтті.
«IQanat» олимпиадасы шынында да ауылдық жерлерде оқитын оқушылардың білім сайысын көтеруге арналған. Оқу үлгеріміне қарамастан, білім сынына оқушылардың бәрі бір кісідей қатыса алды. Алайда, ақтық сынға өз білімдерін сынақ кезінде дәлелдеп шыққандар ғана өтеді. Олимпиада қатысушылары физика, математика және ағылшын тілінен сынақ тапсырып, белгілі бір тақырыпта эссе жазады. Яғни, оқушы сегізге жуық пәннен бақ сынайды. Олимпиададан топ жарғандарға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында да тегін оқу мүмкіндігі беріледі. Білімді оқушылармен екі жыл көлемінде біліктілігі жоғары ұстаздар жұмыс істейді. Түлектерді ҰБТ және IELTS емтихандарына тегін даярлайтыны тағы бар.
«IQanat» олимпиадаға қатысқан 8-сынып оқушысы Аружан Камалиева: «Олимпиадаға қатысқаныма қуаныштымын. 8 жыл бойы мектепте алған біліміміді дәлелдеп, жеңіске жеткім келеді. Осы кезеңнен сүрінбей өтіп, республикалық кезеңге жолдама алсам деймін», – деп бөлісті. Ендеше, «IQanat» олимпиадасына қатысқан жас дарындарға сүрінбеуді тіледік.
Аслан БАЙДУЛЕТОВ,
Шолақсай ЖББМ мұғалімі,
Науырзым ауданы
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.
«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.