Қостанай қаласындағы №27 жалпы білім беретін мектебінің 1 «Ә» сыныбында мектепті алғаш аттаған бүлдіршіндердің жеткен жетістіктерін мерекелеу, ата-ана, ұстаздармен қуаныштарын бөлісу мақсатында «Тілашар» мерекесі өтті.

Балалардың ойын, тілін дамытып, дүниетанымын қалыптастырып, ана тілінде сөйлеу шеберлігін үйрету, қалыптастыруды көздеген шара барысында баланың бойындағы өнерін көрсете білуіне мүмкіндік жасап, оқушы бойындағы ерекше қабілетін ашу, тәрбиелеу назардан тыс қалмады. Ертеңгілікте оқушылар өздерінің алған білімдерін көрсете білді, яғни осы уақытқа дейін үйренген тақпақтарын оқып, ән шырқап, би билеп, қойылым көрсетті. Бойындағы сан қырлы өнерлерін жақсы көрсете алды.
Осы ертеңгіліктен балалардың сөздік қоры, тіл дамыту дағдылары, сөйлеу мәнері, қисынды ойлау қабілеті толығымен көрсетілді деп ойлаймын. «Тілашар» мерекесінен оқушылар ерекше әсер алды. Іс-шараға белсене қатысқандары үшін оқушыларыма мақтау қағаздары таратылды. Балалардың ата-аналары мен мектеп мұғалімдері ертеңгілігіміздің қонағы болып, олардың өнеріне жоғары бағасын беріп жатты. Алдағы уақытта да 1 «Ә» сыныбымен осындай мерекелік іс-шараларды өткізіп тұратын боламыз.
Бибігүл ЖҰМАСАЕВА,
№27 ЖББМ бастауыш
сыныптар мұғалімі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.