Қостанай облысындағы «Рудный қаласы білім қызметкерлері кәсіби одағының ұйымы» филиалы – ынтымақ пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Құрамында 41 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар бұл бірлестік бүгінде үш мыңнан астам мүшені біріктіреді.
Алдын ала жоспарлаусыз ешқандай жұмыс нәтижелі болмайтыны мәлім. Сондықтан кез келген деңгейдегі кәсіподақ ұйымдары қызметінің тиімділігінің маңызды шарты – жақсы ойластырылған және ұйымдасқан жоспарлау. Жұмысшы мамандықтарының жылына орай облыстық деңгейде өткен «Мен және менің жұмыс орным» байқауына Рудный қаласындағы №13 ЖББМ вахтері Н.Қаппасова, Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның кітапханашысы Г.Қасабек, Балалар көркемсурет мектебінің кітапханашысы А.Лучинская, сонымен қатар Балаларды тәрбиелеу-сауықтыру кешенінің бейнебайланыс операторы Р.Хузин белсене қатысты. Байқау нәтижесінде Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның кітапханашысы Г.Қасабек жүлделі 1-орын мен ақшалай сыйақыға ие болғанын ерекше атап өткен жөн.
Әлеуметтік әріптестерімізді марапаттау сәті
Филиалдың атқару комитеті отырыстарында жоспарланған жұмыстың орындалу барысы мен тиімділігі тұрақты түрде талқыланып, нақты шешімдер қабылданады. Ал ең басты назар – білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік серіктестік пен қаржылық саясаттың Ұжымдық келісімшартта орындалуын қадағалауға аударылады. Қостанай облысы білім басқармасы мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚҰ 2024-2026 жылдарға қабылданған әлеуметтік серіктестік туралы жаңа келісімінде Жергілікті кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын нығайтуға бағытталған бірқатар жаңа енгізілімдер бар. Аталмыш құжат кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын нығайту, сапалы демалысын ұйымдастыруға бағытталған бірқатар жаңа бастамаларды қамтиды.
Кәсіподақ төрайымдарының ынтымақтаса өткізген демалысы
Бүгінде барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында татуластыру комиссиялары жұмыс істейді. Комиссия құрамындағы 120-дан астам адам арнайы оқытудан өтіп, сертификаттар алған. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері де назарда – барлық бастауыш ұйымдарда осы бағытта өндірістік кеңестер қызмет атқаруда. Қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында жергілікті кәсіподақ құрылымында заң клиникасы жұмыс істейді. Сонымен қоса Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде «Құқықтық білімнің виртуалды мектебі» жобасы іске асырылып, кәсіподақ мүшелеріне тегін құқықтық кеңес пен ақпараттық қолдау көрсетуде.
«Рудный қаласы білім қызметкерлері кәсіби одағының ұйымы» филиалының құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары ұжымдық шарттың, әлеуметтік-еңбек қатынастарының орындалуын және кәсіподақтың ұжымдық әрекеттерін ұйымдастыру мен өткізуге белсене қатысады. Биылғы жұмыс қортындысы бойынша, белсенді ұжымдарды атай кетсек: Рудный қаласындағы №3 ЖББМ төрайымы Е.Кушукова, Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның төрайымы Г.Қасабек, №14 ЖББМ төрайымы Р.Жалеева, сондай-ақ Абай атындағы ЖББМ төрайымы Б.Байдильденова, Балалар көркемсурет мектебінің төрайымы А.Лучинская және Балалар тәрбиелеу-сауықтыру кешенінің төрайымы Н.Ибрашева.
Ақпараттық жұмыс – кәсіподақ комитетінің қызметіндегі басты бағыттардың бірі. Филиал мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының барлық жұмыстары 5000-нан астам жазылушыны қамтитын әлеуметтік желілердегі 35 парақшада тұрақты түрде жарияланады (Instagram/Facebook). Жұмыс өтілі үш жылға дейінгі жас педагогтерге қолдау көрсету – ерекше назардағы міндет. Қаладағы тәжірибелі ұстаздардың көмегімен «Тәлімгерлік мектебі» мен «Тәлімгерлік сағаты» жобалары іске асырылып, жас мамандарға әдістемелік бағыт-бағдар беріледі. Сондай-ақ мемлекеттік тілде білім беретін мектептердің жас педагогтеріне арналған «Мұғалім сымбаты» қалалық байқауы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Ардагерлермен жылы жүздесу
Бастауыш кәсіподақ ұйымдары ардагер ұстаздармен де жүйелі түрде жұмыс жүргізеді. Білім беру қызметкерлерінің қалалық ардагерлер кеңесі спорттық сайыстар, шеберлік сабақтарына қоса шығармашылық кештер мен сауықтыру жобаларын ұйымдастырып, ұстаздар қауымының бірлігін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Биыл санаторийлік-курорттық сауықтыруға айрықша көңіл бөлінді. Кәсіподақ мүшелері үшін жолдама бағасы өткен жылғы деңгейде қалатын ерте брондау жүйесінің арқасында демалыс пен сауықтырудың түрлерімен қамтылды. 2025 жылы санаторийлік-курорттық жолдамаға ие болған кәсіподақ мүшесілерінің саны 58 адамды құраса, сауықтырумен барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары, оның ішінде 12 еңбек ардагері қамтылды.
Педагогтер арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда үстел теннисі елімізде кең тараған спорт түрлерінің бірі болып отыр. Үстіміздегі жылы «FUTZAL ARENA» төрінде үстел теннисінен кезекті жарыс өтті. Нәтижесінде ерлер арасындач – Б.Майлин атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі Аманжол Айназаров, ал әйелдер арасында – №13 ЖББМ тәлімгері Айгүл Ғаббасова жарыстың жеңімпазы атанды. Жалпыкомандалық есепте Б.Майлин атындағы мектеп-гимназия ұжымы жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ қаламыздың білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасындағы волейбол жарысы да тартысты өтеді. Әдетте жарыста 15-16 команда бақ сынайды. Соңғы үш жылда жеңімпаз атанған командалар арасында Б.Майлин атындағы мектеп-гимназия, А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ, М.Дулатұлы атындағы ЖББМ және №17 ЖББМ ұжымдары бар.
Қаламыздың білім беру ұйымдары мұғалімдері арасындағы волейбол жарысы, 2025 жыл
Қалалық шағын футбол жарысының шешуші сәті
Тағы бір ерекше іс-шара – табиғаты сұлу Каменный көлінің жағасында өткен ІІІ облыстық туристік слёт болды. Бұл іс-шараға білім беру саласындағы жергілікті кәсіподақ мүшелерінің ұйымдары қатысты. «Рудный қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіби одағы» филиалының командасы жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Команда құрамында белсенді демалыс пен достық бәсекелестік атты ортақ мақсат төңірегінде бірнеше отбасы қатысты. Олар – Деминдер, Ильиндер және Тойғанбаевтар отбасылары. Әр отбасы жарысқа өзіндік ерекшелігімен келді: Деминдер белсенділігі мен командалық рухымен, Ильиндер тапсырмаларды орындаудағы креативтілігімен, ал Тойғанбаевтар көрермендерді энергиясы мен жігерімен таңғалдырды. Бұл туристік слёт барлық қатысушылар үшін ұмытылмас оқиғаға айналды.
Жалпы, кәсіподақтың барлық жұмысы құрамындағы білім беру саласының қызметкерлерін әлеуметтік-экономикалық қолдауға және бірлестіктің беделін одан әрі нығайтуға бағытталған. Алдағы уақытта біз кәсіподақ мүшелерінің белсенділігін арттыратын басқа да жұмыс түрлерін жоспарлауға ерекше көңіл бөлуге ниеттіміз.
Амина МУРЗАТАЕВА,
«Рудный қаласы
білім қызметкерлері
кәсіби одағының ұйымы»
филиалының төрайымы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.