Жуырда Рудный қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде бастауыш сынып апталығы өтті. Апталық барысында заманауи сабақ, өнер, сыныптан тыс іс-шара қамтылды.

Апталық бастауыш сыныптарда оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технология элементтерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту, оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатын көздеді. «Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал», – деген Ахмет Байтұрсынұлының даналық сөзін апталықтың эпиграфына айналдырған бастауыш бірлестігі замануи сабақтар көрсетіп, оңтайлы тәжірибені ортаға салды. Апталықтың ашылуында мектеп директоры Гүлжазира Смагулова іс-шараға сәттілік тілеп, оның соңы өнерлі оқушылардың тақпақ, билеріне ұласты.
Заман талабына сай жаңа форматтағы мұғалім жаңа технология элементтерін тиімді қолдана білсе, әр сабақ өнімді болары сөзсіз. Тарқатып айтсам, осы орайда МДС «Ә» тәрбиешісі Гулжайна Рзакулова математика пәнінен «Геометриялық фигуралармен таныстыру», Роза Шамбыл 1 «А» сыныбында ана тілінен «Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар», Күнсұлу Кушманова 2 «В» сыныбында әдебиеттік оқудан «Жамалдың өкініші», Гаухар Казыбаева 3-сыныптар арасында жаратылыстану пәнінен «Топырақтың қасиеті», Айжан Жакина әдебиеттік оқудан «Әнет баба өсиеті», Айтолкын Нугуманова математикадан «Құрылымы күрделі теңеулер» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. 4-сыныптар арасында Алия Кулмуратова қазақ тілінен «Зат есімнің септелуі», Балнур Балмурзаева жаратылыстанудан «Дыбыстың шағылуы деген не?» тақырыбын қамтыды.
«Отбасым – байлығым» атты фотогалерея МДС, 1-сыныптар оқушылары ата-анасымен атсалысып, отбасылар мадақтамалармен марапатталды. Ал 2-сынып оқушылары арасында Гулзат Муканованың ұйымдастыруымен «Білімді ұрпақ – ел болашағы» атты сыныптан тыс іс-шарада әр оқушы әдебиеттік оқу, қазақ тілі, математика, жаратылыстану пәндерінен тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін нақышына келтіре оқуда жүлделі орындарға ие болды. Мектептің 4-сынып оқушылары арасында Гулпариза Идирисова мен Акбота Баязитованың ұйымдастыруымен «Экономикалық эспресс» интеллектуалды ойын аясында оқушылар интеллектуалды ойында топпен ақша, бюджет, үнемдеу, экономикаға байланысты түрлі сөзжұмбақтар, көкейкесті тапсырмаларды орындады.
Тәжірибелі ұстаздар Мария Ахбергенова мен Шырынкуль Саралтаеваның ұйымдастыруымен үштілділік аясында 2, 3, 4-сыныптарда «Балалық шақтан болашаққа» атты мәнерлеп оқу өтті. Ал «Бала дауысы» атты балалар әндер байқауында МДС, 1, 2-сынып оқушылары топ жарды. Апталық та өз мәресіне жетіп, белсенді қатысқан оқушылар жүлделі орындарды еншілеп, көрермен көзайымына айналды. Сөз соңында замануи сабақтан алған жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибемізде қолдана білуде еңбегімізді еселей берейік дегім келеді.
Айжан ЖАКИНА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ЖББМ бастауыш
сынып мұғалімі,
Рудный қаласы
«Адал азамат» бағдарламасы: балабақшадағы тәлім-тәрбие
Тарих пен тағылым тоғысқан күн
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».