Бос уақыт – босқа кетпейді

Выпуск - №23(671)   :   20.06.2025
533

1


Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын мазмұнды өткізуді көздеген аула клубтары нәтижелі жұмыс істеп келеді. Бүгінде облыс бойынша 108 мыңнан астам бала қосымша біліммен қамтылып, бұл көрсеткіш жалпы оқушы санының 95,5 пайызын құрап отыр.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашып, жан-жақты бағытта дамуына мүмкіндік беретін 3700 үйірме мен секцияға 72 мыңнан астам бала қатысуда. Жалпы облыс аумағында қосымша білім беретін 49 мекеме жұмыс істейді, оның 46-сы – мемлекеттік, 3-еуі – жекеменшік орталықтар. Балалар мен жасөспірімдердің қызықты, қауіпсіз демалысын ұйымдастыруда аула клубтарының орны ерекше. Қостанай өңірінде бүгінде 37 аула клубы жұмыс істейді. Оның ішінде 16 клуб тұрғын үйлердің ауласында орналасса, 21 клуб мектеп базасында ашылған. Қазіргі таңда аталмыш клубтарға 8933 бала мен жасөспірім тұрақты түрде қатысып жүр.
– Аула клубтарында сабақтар қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Оларға 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Клубтар аптаның жұмыс күндері сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Демалыс күндері жабық болғанымен, жаз мезгілінде де өз жұмыстарын үзбей жалғастырады, – дейді Қостанай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүйіндікова.
Аула клубтарының басты мақсаты – балалардың бойындағы шығармашылық әлеуетті ашумен қатар өнер мен білімге деген қызығушылығын арттыру, бос уақытын пайдалы өткізуге үйрету және түрлі құқықбұзушылықтардан қорғау. Өкінішке қарай, әзірге ауылдық жерлерде мұндай клубтар ашылмаған. Дегенмен алдағы уақытта ауыл балалары да бос уақытын мәнді өткізетін орталықтарға қол жеткізеді деген үміт бар.

Б.Мейрамұлы,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.